Күшті қорғаныс үшін премиум функциялар
ESET LiveGuard
Бұрын белгісіз болған зиянды бағдарламалардан белсенді қорғаныс. Жаңа қызмет әртүрлі типті файлдарды (құжаттар, сценарийлер, орнатушылар және орындалатын файлдар) тексере отырып жаңа қауіп түрлерін анықтайды және бейтараптайды. Барлық күдікті файлдар ESET қауіпсіз оқшауланған бұлттық ортасында іске қосылады.
Құпия сөздерді басқару
Құпия сөздерді қауіпсіз түрде сақтау және кіруге арналған жаңа берік комбинациялар жасау. Пішіндерді автоматты түрде толтыруға және берік шифрланған кіру комбинацияларын жасауға мүмкіндік беретін құпиясөздерді сақтауға және ұйымдастыруға арналған құрал. Сақталған деректерге қол жеткізу үшін тек басты құпиясөзді есте сақтау жеткідікті. Сонымен қатар, құрал кез келген сайттағы есеп жазбаңыздан шығуға және шолу тарихын қашықтан қорғауға мүмкіндік береді.
Деректерді шифрлау
Құпиялық деректер мен сыртқы дискілерді қорғаудың қосымша қабаты. USB кілті немесе ноутбук жоғалған жағдайда деректердің ұрлануы ықтималдығынан қорғау үшін файлдарды және алынбалы медианы шифрлау, сондай-ақ деректердің қауіпсіз алмасуы. Файлдар мен бумалардың шифрын кез келген Windows құрылғысында ашуға болады.
Онлайн төлемдер мен жеке ақпаратты сенімді қорғау
Онлайн төлемдерді қорғау
Қауіпсіздендірілген браузердің көмегімен қауіпсіз түрде онлайн сауда жасау және Интернет-банкингті пайдалану. Онлайн төлемдерді қауіпсіз жасауға және электронды крипто әмияндарды пайдалануға мүмкіндік беретін, арнайы қауіпсіздендірілген браузерді ұсына отырып, интернетте қауіпсіз түрде сауда жасауды қамтамасыз етеді. Транзакциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пернетақта мен браузер арасындағы байланысты шифрлайды, сонымен қатар пернетақта басылуын оқуға арналған зиянды бағдарламалардан қорғайды.
Брандмауэр мен желілік шабуылдан қорғаныс
Деректерге, желіге және веб-камераға кіруге көп деңгейлі қорғаныс. Компьютеріңізге рұқсатсыз кіруді және жеке деректерді пайдалануды болдырмайды, сондай-ақ бопсалаушы бағдарламалармен инфекцияланудың алдын алады. Сонымен қатар, роутерға ақылды құрылғылардың қосылғандығын сканерлеу арқылы веб-камера мен роутерды зиянды бағдарламалардан қорғайды.
Ата-ана бақылауы
Балалардың желідегі белсенділігін бақылау және оларды орынсыз контентті ресурстардан қорғау. Балаларды Интернеттегі орынсыз контенттерден қорғау. Веб-сайттарға кіруді әртүрлі жас санаттары бойынша бұғаттауға және бұғаттау тізіміне өз сайттарыңызды қосуға мүмкіндік береді, сонымен қатар параметрлерді рұқсатсыз өзгертуден және өнімді жоюдан қорғау үшін құпиясөз орнатуға мүмкіндік береді.
Аңызға айналған антивирустық технологиялар
Антифишинг
Деректерді және қаражатты интернеттегі алаяқтықтан қорғау. Алаяқтар құпия ақпаратты, соның ішінде пайдаланушы атын, құпиясөздерді немесе банк деректемелерін бопсалау үшін пайдаланатын жалған веб-сайттарға кіруді болдырмайды.
Өнімділікке минималды әсер ету
Құрылғы ресурстарын тиімді пайдалану. Өнім жүйе ресурстарын үнемдеу үшін барлық қалқымалы терезелерді, жаңартуларды және басқа жүйелік әрекеттерді бұғаттау арқылы ойындар мен фильмдерді еркін тамашалауға мүмкіндік береді.
Көп деңгейлі белсенді қорғаныс
Қауіптердің барлық түрінен қорғаудың арқасында Интернетте бос уақытты қауіпсіз өткізу. Цифрлық қауіптердің барлық түрлерін, соның ішінде вирустарды, бопсалаушы бағдарламаларды, руткиттерді, құрттар мен шпиондық бағдарламаларды анықтайды және бейтараптандырады, арнайы бағытталған шабуылдар мен эксплойттарды бұғаттайды және анықтауды болдырмау әдістерін пайдаланатын зиянды бағдарламалардан қорғайды.