iOS жүйесін қорғауға арналған бағдарламалар неліктен жоқ?

Операциялық жүйені әзірлеу ерекшеліктеріне байланысты себеп. iPhone мен iPad қосымшалары бір-бірімен деректер алмасу үшін өте шектеулі мүмкіндіктерден тұрады. Тіпті қауіпсіздік қосымшалары үшін де ерекшеліктер жоқ.

Бұл мүмкіндіктің арқасында қауіптер басқа қосымшалардан ақпаратты ала алмайды, бірақ сондықтан iOS жүйесін қорғауға арналған бағдарлама тек өзін ғана сканерлей алады.

Бұған қоса, көп жағдайда Apple құрылғыларына арналған қосымшалар тек ресми App Store дүкенінен жүктеп алуға болады, яғни олар тексерілді деп есептеуге болады және қатаң саясаттарға сай келеді, сондықтан қосымша тексеруді қажет етпейді.

Неліктен маған iOS қорғау күйін тексеру қажет? 

Зиянды бағдарлама шабуылдаушылар құрбандардың гаджеттеріне шабуыл жасай алатын жалғыз әдіс емес. Киберқылмыскерлердің көзқарасы бойынша, әлдеқайда арзан әдіс әлеуметтік инженерия болып табылады, мұнда адамнан аладу арқылы оның жеке деректерін немесе басқа ақпаратты, мысалы, фишингтік веб-сайт немесе әлеуметтік желілердегі алаяқтық хабарламалар арқылы алады.

Банктер мен белгілі онлайн қызметтерге кіруге арналған деректерге бағытталған фишингтік шабуылдардан басқа Apple ID есеп деректерін ұрлау әрекеттері егер оған көп факторлы аутентификация қосылмаған болса, iCloud есеп жазбасында сақталатын фотосуреттерге, электронды поштаның құпия хабарламаларына, корпоративтік деректерге және басқа да қолжетімділікті жоғалтуға алып келеді.

Сенімді құпия сөздерді және көп факторлы аутентификацияны пайдаланудың артықшылықтары қандай?

Құрылғыға, онлайн-банкинг, әлеуметтік медиа немесе электрондық пошта сияқты кейбір қызметтерге қарамастан аутентификациядан өту қажет. Мұны пайдаланушы аты мен құпия сөздің көмегімен жасауға болады.

Сондықтан болжауға қиын күрделі құпия сөздерді жасау өте маңызды. Әрбір онлайн қызмет үшін бірегей құпия сөзді орнату керемет болар еді. Сілтеме бойынша мақала сенімді құпия сөз фразасын құру жөнінде практикалық кеңестер береді. Сонымен қатар, құпия сөздер генераторының көмегімен бірегей комбинацияны алуға болады.

Қосымша қорғау деңгейі болып көп факторлы аутентификация (немесе MFA) табылады. Егер веб-сайтқа немесе басқа қызметке кіру үшін құпия сөз ұрланса, дәл сол екі факторлы аутентификация алаяқтардың есеп жазбаға қолжеткізбеуіне мүмкіндік береді - олар қарапайым түрде тексерудің өзін өте алмайды.

Зиянкестер есеп жазба деректеріңізді пайдаланатын болса, көп жағдайда шынымен осы кіру әрекетін сіз жасадыңыз ба деген сұрақтан тұратын хабарлама немесе электронды хатты қызметтен аласыз. Көптеген белгілі онлайн қызметтер кіріктірлген көп факторлы аутентификациядан тұрады, оны тек қосып, баптау ғана жеткілікті.

Apple ID үшін екі факторлы аутентификация 2017 жылы iOS 10.3 шыққаннан соң жасалған кейбір жаңа Apple ID есеп жазбалары үшін қосылған. Дегенмен, сіздің Apple ID қашан жасалғанына қарамастан шынымен екі факторлы аутентификация қосылғанын тексерген маңызды.

Сіздің құпия сөзіңіз ұрланған ба жоқ па екенін тексеру үшін haveibeenpwned.com қызметін пайдаланыңыз — бұл деректердің таралуы туралы ақпаратты жинайтын сенімді әрі қауіпсіз веб-сайт. Құпия сөздің ұрлануы туралы ақапарат кейбір құпия сөздер менеджерлерінде де қолжетімді. Егер тексеру нәтижесінде сіздің құпия сөзіңізге зиянкестер қолжеткізгені анықталса, оны дереу өзгерту қажет. Дегенмен, бұны ешқашан алдыңғы ұрлауға себеп болған құрылғыда жасама, өйткені ол инфекцияланған немесе қоғамдық Wi-Fi сияқты, ықтимал қорғалмаған желіге қосылған болуы мүмкін. Сондықтан киберқылмыскерлер кіруге арналған жаңа комбинацияларға қол жеткізуі мүмкін.

Интернет-банкингтің есеп деректерін немесе төлем карталардың ақпаратын ұрлады деп күдіктенсеңіз, дереу банкіңіздің ресми өкілдеріне хабарласыңыз.