iOS-құрылғының қорғауын қалай жақсартуға болады

Apple телефондары мен планшеттеріне бағытталған зиянды бағдарлама өте сирек болса да, киберқылмыскерлер адамдарды алдаудың басқа жолдарын табуда. Apple құрылғыларында жеке және корпоративті деректердің және онлайн төлемдердің қауіпсіздігін жақсарту жолын біліңіз.

iOS-ты қорғауға арналған бағдарламалар неліктен жоқ?

iPhone мен iPad-та өзара деректерді алмастыру үшін қосымшалардың мүмкіндіктері өте шектеулі. Бұл қауіпсіздік бойынша қосымшаларға қатысты, сондықтан iOS-ты қорғау бағдарламасы тек өзін-өзі ғана сканерлей алады.

Неліктен маған iOS қорғауын тексеру қажет?

Зиянды бағдарлама шабуылдаушылар құрбандардың құрылғыларына шабуыл жасаудың жалғыз жолы емес. Көбінесе онлайн қызметтерге және Apple ID есеп жазбаларына бағытталған фишинг әдістерін пайдаланатын алаяқтық схемалары әлдеқайда қауіпті.

Сенімді құпия сөздер мен көп факторлы аутентификацияны пайдаланудың қандай артықшылықтары бар?

Табуға қиын болатын күрделі құпия сөздер аккаунттардың қорғауын біршама арттырады. Кіру комбинациясы ұрланған немесе табылған күнде де көп факторлы аутентификация сіздің жеке деректеріңіз бен қаражатыңызды қорғайды.

ESET HOME Security Premium жазылымына кіретін ESET Password Manager-дің көмегімен құпия сөздерді, төлем карта нөмірлерін және басқа да құпия ақпараттарды қауіпсіз жасап, сақтап әрі басқарыңыз.

Құрылғыңыздың IOS қорғау деңгейін тексеріңіз
Қауіпсіздік параметрлері дұрыс бапталған ба жоқ па екенін біліңіз

1-қадам
Құрылғыда орнатылған параметрлерді таңдау үшін төмендегі қосқыштарды қосыңыз.

2-қадам
Қорғау деңгейінің нәтижесі төмендегі шкалада пайда болады. Қауіпсіздік параметрлері туралы қосымша ақпаратты білу үшін, қосқыштардың астындағы «Толығырақ» дегенді басыңыз.

Ескерту
Қауіпсіздіктің белгілі бір функцияларын іздеу проблемалары пайда болған жағдайда өз смартфоныңыздың параметрлеріндегі іздеуді пайдаланып қалыңыз.

Қорғау деңгейі:

Төмен

Қанағаттандырарлық

Жоғары

Тәжірибелі пайдаланушыларға арналған iOS қорғау деңгейін арттыру бойынша кеңестер

Контактісіз төлем баптауларын тексеру

Зиянкестердің NFC технологиясын пайдаланып, жинақтарыңызды ұрлауына жол бермеу үшін контактісіз төлем баптауларын мұқият тексеріңіз.

Қай бағдарламаларды жойып, болашақта орнатпаған жөн?

Қосымшалардың кейбір түрлері құрылғыда енгізген барлық ақпаратқа қол жеткізе алады, сондықтан белгілі бір қосымшалардан аулақ болғаныңыз жөн..

Қалай онлайн сатып алу мен Интернет-банкингті қауіпсіз пайдалану керек

Қоғамдық Wi-Fi желілерін пайдалана отырып онлайн сатып алу деректер қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін. Егер рұқсат нүктесінің қауіпсіздігі әлсіз болса, шабуылдаушылар телефондағы браузерге енгізілген кез келген ақпаратқа қол жеткізе алады.

Құрылғына үнемі қайта жүктеңіз

Кейбір жағдайларда шабуылдаушылар зиянды компоненттерді пайдалана отырып құрбандардың құрылғыларына шабуыл жасай алады. Дегенмен, мұндай қауіптер қайта жүктеуден кейін белсенсіз болып қалады.

Корпоративті iOS құрылғылардың қорғауын қамтамасыз етіңіз

ESET Mobile Device Management

компьютерлерді, серверлерді және бұлттық қосымшаларды қорғауға арналған қосымша қабаты ретінде ESET бизнес шешімдерінің бөлігі болып табылады

  • ақ және қара тізімге қосу
  • веб-контентті фильтрлеу
  • Қолжеткізу коды мен Face ID саясаты
  • гаджет ұрланған немесе жлғалған жағдайда деректерді қашықтан бұғаттау немесе жою