Мобильді құрылғыларды қорғау

ESET Mobile Threat Defence

Шешім ESET көп деңгейлі қауіпсіздік тәсілінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және барлық корпоративті мобильді құрылғылардың автоматтандырылған, кешенді қорғауын қамтамасыз етеді.

  • Мобильді құрылғыларды қауіптерден қорғайды
  • Қауіптердің желі бойынша одан әрі таралуын болдырмайды
  • Портативті құрылғылардағы компания деректерін қорғайды
  • Қажетсіз қосымшаларды бұғаттайды
  • iOS және iPadOS үшін MDM құрамына кіреді.

Шешім функциялары

Бір консольден басқару

Жұмыс станцияларын немесе мобильді құрылғыларды қорғауға арналған барлық ESET өнімдерін бірыңғай жергілікті немесе бұлттық ESET PROTECT консолінен басқаруға болады. Android iOS, iPadOS

Тіркеудің түрлі нұсқалары

Мобильді құрылғыларды тіркеуді жеңілдету үшін Microsoft Intune, Microsoft Entra ID, VMware Workspace ONE және Apple Business Manager қолдауы қолжетімді. Android iOS, iPadOS

Антивор

Қашықтан бұғаттау деректерді жою және құрылғы жоғалған немесе ұрланған жағдайда дабылды қосу мүмкіндігі. Сондай-ақ құрылғыға арнайы хабарламалар жіберуге немесе бұғаттау экранындағы ақпаратты реттеуге болады.Android iOS, iPadOs

Қосымшаларды басқару

Әкімшілерге орнатылған қосымшаларды бақылауға, белгілі бір қосымшаларға, рұқсаттарға немесе санаттарға кіруді бұғаттауға және пайдаланушыларға белгілі бір ұосымшаларды жоюды ұсынуға мүмкіндік береді. Android iOS, iPadOS

Құрылғыны қорғау

Әкімшілерге құпия сөздің күрделілігі талаптарын, экранды бұғаттау таймерлерін орнатуға, пайдаланушыларға құрылғыларын шифрлауды ұсынуға, камераға кіруді бұғаттауға және т.б. мүмкіндіктерді береді. Android iOS, iPadOS

Көп деңгейлі қорғаныс

Жаңа киберқауіптердің үнемі пайда болуымен қорғаудың бір ғна деңгейі жеткіліксіз, сондықтан барлық ESET жұмыс станциларын қорғауға арналған өнімдері, соның ішінде мобильді құрылғыларға арналған өнімдер, орындалу алдында, орындау кезінде және одан кейін қауіптерді анықтау мүмкіндігіне ие. Android

Машиналық оқыту

1997 жылдан бастап ESET басқа қорғау деңгейлерімен бірге машиналық оқытуды пайдаланады. Атап айтқанда, машиналық оқыту шоғырландырылған деректер мен нейрондық желілерде қолданылады. Android

Антифишинг

Пайдаланушыларды құпия сөздерді, банктік ақпаратты және басқа құпия ақпаратты алуға тырысатын жалған веб-сайттардан қорғайды. Android
 

Қосымшаларға аудит жүргізү

Қосымшаларды және олардың санат бойынша сұрыпталған жеке немесе корпоративтік деректерге қатынасын қадағалайды, бұл әкімшілерге қосымшаларға кіруді бақылауға және басқаруға мүмкіндік береді. Android
 

Веб-бақылау

Қажетсіз, зиянды немесе өнімділікке әсер ететін мазмұнды болдырмау үшін пайдаланушылар кіре алатын веб-сайттарды басқару немесе шектеу. Әдепкі есеп үлгілері қолжетімді, сонымен қатар жеке есептерді баптау мүмкіндігі бар. Android

есеп жазбасының баптауларын қашықтан жіберу

Wi-Fi, VPN және Exchange деректері сияқты есеп жазба баптауларын қашықтан жіберу мүмкіндігі. iOS, iPadOS
 

ABM-мен үйлесімділігі

APPLE BUSINESS MANAGER (ABM) — корпоративтік iOS құрылғыларын тіркеу әдісі. ABM жүйесімен үйлесімділігінің арқасында құрылғыларды автоматты түрде құрылғымен тікелей байланыспай ақ және пайдаланушы тарапынан минималды қарым-қатынас құра отырып ESET қорғау жүйесіне тіркеуге болады. Бұл сіздің уақытыңыз бен қаржылық ресурстарыңызды үнемдей отырып, құрылғыны толығымен баптауға мүмкіндік береді. iOS, iPadOS

Жүйелік талаптар

Өнімдер

  • Android жүйесіне арналған ESET Endpoint Security
  • ESET MDM для iOS & iPadOS
  • ESET PROTECT

Мобильді құрылғыларға арналған қорғау шолуын жүктеу

Мобильді құрылғыларды басқарудың (MDM) қолдау көрсетілетін тіркеу нұсқалары

  • Apple Business Manager (ABM)
  • Microsoft Intune
  • Microsoft Entra ID
  • VMware Workspace ONE

Операциялық жүйелерді қолдау

  • Android 5 (Lollipop) және одан жоғары
  • iOS 9 және одан жоғары

Назар аударыңыз: функциялар мен мүмкіндіктер пайдаланылатын операциялық жүйеге және нұсқаға байланысты ерекшеленуі мүмкін.