ESET пайдаланушыларына премиум қолдау көрсету
ESET техникалық қолдау көрсету қызметінің мамандары жан-жақты АТ қауіпсіздігін өрбітуге қатысты барлық сұрақтар бойынша қажетті көмек көрсетеді.
Премиум қолдау тәулік бойы қолжетімді, бұл кез келген АТ қауіпсіздігі баптауы мен өрбіту проблемаларына кәсіби қолдауға үздіксіз қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Жеке тәсіл мен проблеманы опеартивті шешу жұмыстың іркілуінің пайда болуының кез-келген қауіпін азайтады.
ESET тұтынушыларды премиум қолдау қызметтері мекемеңізде өрбітілген ESET АТ қауіпсіздік шешімдерін барынша пайдалануға қалай көмектесетінін біліңіз.
ESET Premium Support Essential
Кез келген мәселені жылдам және егжей-тегжейлі талдау, содан кейін ақауларды жою бойынша кеңестер. Жауаптар мекеменің жеке қажеттіліктеріне бейімделген: пайдаланушының қауіпсіздік ортасындағы техникалық проблемалары дереу шешіледі, ал маңызды проблемаларға жылдам әрекет етіледі және қоңырау кезегіне басымдық беріледі.
ESET Premium Support Advanced
Орнату мен баптауды, жаңартуды, баптауларды уақытылы тексеру мен өнім проблемасын белсенді шешуді қоса өнімді өрбітудің барлық кезеңдерін қамтиды, ESET Premium Support Essential барлық артықшылықтардан, сонымен қатар арнайы маманның болуы, белсенді ақпараттандыру мен ESET әзірлеушілерінің сұрауларын басымдылығы бойынша қарастырудан тұрады.