Мерзімі өткен ESET лицензияларын 35% жеңілдікпен ұзарту!

Келесі жаңалық

01.07.2024 - 30.09.2024

2024 жылдың 01 шілдесінен 30 қыркүйегіне дейін белгіленген мерзімде* өз лицензиясын ұзартып үлгермеген жергілікті басқаруы бар ESET бизнес-шешімдерінің пайдаланушыларына жеңілдіктер шартына сәйкес және арнайы бағалар бойынша ұзарту мүмкіндігі ұсынылады. Атап айтқанда, лицензияларды 1 жылға ұзартқанда жаңа лицензияның ағымдағы баға көрсеткішінен 35% жеңілдік ұсынылады. Лицензияның мерзімін 1 жылдан артық уақытқа ұзарту кезінде, бағасы жыл мен құрылғылар санына байланысты есептеледі.

Пайдаланушылар науқандық баға бойынша ұзартуды sales@esetofficial.kz электронды мекенжайына сұраныс жіберу арқылы жасай алады.

Бұл ұсыныс тек 2023 жылы сатып алынған лицензиялар үшін ғана таралатыны туралы айта кеткен жөн. Егер лицензия одан ертерек уақытта сатып алынған болса, sales@esetofficial.kz электронды мекенжайына хабарласыңыз.

* Жеңілдік шарттарымен ұзартуды қолданыстағы лицензияның аяқталуына 30 күн қалған уақыт ішінде немесе лицензияның мерзімі аяқталған соң 60 күн ішінде жасауға болады.