Шағын компаниялар жиі-жиі кибершабуылдаушылардың нысанасына айналуда. Киберқауіпсіздікке бөлінетін бюджеттің шектеулілігіне байланысты шағын бизнес көбінесе өзіне қорғауға арналған жетекші шешімдерді рұқсат ете алмайды да, ескірген бағдарламалық жасақтаманы пайдаланып, АТ мамандарын жалдауға жеткілікті қаражаты болмайды.
Сонымен қатар, деректер мен қаражаттың аздығы себептерінен кішігірім және үй кеңселері киберқылмыскерлердің аз қызығушылығын тудырады деген жалған пікір туындауы мүмкін.
Шағын бизнеске арналған кең таралған қауіптердің бірі болып құпия деректерді ұрлау, әсіресе банк пен төлем ақпараттарын ұрлау болып табылады. Бұл фишинг немесе қызметкерлердің есеп деректерін бұзудың салдарынан болуы мүмкін. Киберқылмыскерлер өздерінің фишинг хабарламаларын ресми хаттар немесе банктерден, мемлекеттік ұйымдар мен басқа да мекемелерден келетін хабарламалар кейпінде жасырады, ал пайдаланушыларға мұндай күрделі кибершабуылдарды анықтау қиындай береді.
Сонымен қатар зиянкестер корпоративті жүйелерге қол жеткізу үшін қызметкерлердің жеке құрылғыларына шабуыл жасай алады. Басқа да кең таралған қауіп ретінде қызметкерлердің құрылғыларын физикалық түрде ұрлау болып табылады, ол өз алдына жеткіліксіз қорғау кезінде құпия деректердің таралуына әкеледі.
Ондай қауіптер мекемелерге қауіпті, себебі бизнес жұмысына ақау әкеліп және қаржылық нұқсан келтіріп
қана қоймай, беделдің жоғалуы мен тұтынушылардың сенімін жоғалтуға әкеледі.
Шағын бизнес қатерлерді қалай азайта алады
Шағын кеңселерге үлкен кәсіпорындарға қарағанда қауіптерді ескере отырып өз киберқауіпсіздігінің қамын ойлаған жөн. Атап айтқанда, шағын бизнеске арналған ықтимал қауіптерді біршама сақтандыру шараларының көмегімен азайтқан жөн, ал қорғауды жетекші кешенді шешімдерге ұсынған дұрыс, ол шешімдер қауіптерді өз уақытында анықтап, желіге түсуге жол бермейді.
Дәл сол себептен ESET компаниясының мамандары шағын бизнеске арналған ұсыныстарды дайындап қойды:
- Қызметкерлерді оқытыңыздар. Кейбір шабуылдарды анықтау қиын, бірақ бұл цифрлық хабардарлықты арттыру бойынша тренингтердің қажеті жоқ деген мағынада емес. Белгілі бір қауіптерден киберортада оңай құтылуға болады, ол үшін негізгі ережелерді, атап айтқанда, күдікті қосымшаларды ашпау, фишинг хаттарды қауіпсіз хаттардан айыра білу және басқа дереккөздерден алынған ақпаратты тексеру сияқты ережелерді сақтау қажет.
- Есеп жазбалар мен құрылғыларға кіру үшін сенімді құпия сөздер мен құпия сөздер тізбегін қолданыңыз. Минималды ұзындық әртүрлі әріптерден, арнайы символдардан, бас әріптер мен жол әріптерінен және басқалардан тұратын 12 символды құрастыруы керек. Сондай ақ сізге әртүрлі тәсілдерді ұсынып, оларды басыңызда сақтау қажеттігінен сізді арылтатын, сенімді сақтайтын құпия сөздер менеджерін пайдалану – оңтайлы шешім болып табылады.
- Сенімді құпия сөздерді корпоративті есеп жазбаларды қызметкердің құпия сөзі бұзылған кезде қорғауға көмектесетін көп факторлы аутентификациямен үйлестіріңіз.
- Бағдарламалық қамтаманы үнемі жаңартып отырыңыз. Пайдаланушылар бағдарламаларды жаңартпайтындықтан киберқылмыскерлер көбінесе бұрын белгілі осалдықтарды пайдаланады.
- Желіні сегменттерге бөліңіз. Шағын кеңселер үшін бұл жеңіл тапсырма. Мысалы, бөлек қонақтарға арналған Wi-Fi жасап, желіні VLAN-ның көмегімен екі сегментке бөліңіз – жеке және жұмыс.
- Деректредің резервтік көшірмелерін жасаңыз. Сіздің деректеріңізді шифрлау немесе жою кезінде кәсіпорынның жұмысында қажетсіз кідірістерді болдырмауға арналған резервтік көшірудің тиімді стратегиясы болғаны дұрыс.
Айтарлықтай шығынсыз кешенді қорғаумен қалай қамтамасыз етуге болады
Бұл ұсыныстарды ұстану қауіптердің таралуының құпия сөздерді таңдау әдісін қолданатын шабуылдар немесе белгілі осалдықтарды пайдалану сияқты кейбір векторларын бейтараптандыруға көмектеседі. Алайда киберқылмыскерлер құнды деректер мен құралдарға қол жеткізу үшін үнемі жаңа жетілдірілген әдістерді іздейді. Сондықтан шағын бизнесті қауіпсіздіктің кешенді тәсілімен қамтамасыз ету маңызды, атап айтқанда қауіптерді желіге кіру кезеңінде анықтау, маңызды құпия деректерді зиянкестердің шифрлау мен VPN-ді қолдану арқылы орта жолда ұстап алуы сияқты тәсілдерді, сонымен қатар онлайн төлемдерді қосымша қорғаумен қамтамасыз ету.
Барлық осы мүмкіндіктер шағын бизнесті күрделі кибершабуылдар жағдайларында кешенді қорғауға арналған – ESET Small Business Security жаңа шешімінде қолжетімді. Атап айтқанда, шешім Windows және Mac ноутбуктері мен компьютерлерін, Android мобильді құрылғылары мен смарт-теледидарларын, сонымен қатар Windows Server серверлерін қорғауды қамтамасыз етеді.
Басты функциялар арасында – онлайн-банкинг пен браузерді пайдалану кезіндегі қауіпсіздік, әртүрлі киберқауіптерден, соның ішінде бопсалаушы бағдарламалар мен фишингтен қорғау. Бұдан бөлек, ESET Small Business Security деректреді құрылғы жоғалған кезде қорғауға, құнды ақпаратты шифрлауға, сонымен қатар сенімді VPN ұсынып, құпия сөздерді басқаруға көмектеседі.
Шешімді ESET HOME платформасы арқылы оңай басқаруға болатынын айта кеткен жөн. Бұл платформа құрылғылардың қауіпсіздігінің күйі туралы ақпаратқа қол жеткізуді ұсынады, сонымен қатар белгілі бір функцияларды қосуға мүмкіндік береді. ESET HOME қауіпсіздікті кез келген құрылғыдан қадағалауға мүмкіндік беретін веб-портал мен мобильді қосымша арқылы қолжетімді.
Қауіпсіздікке кешенді тәсілдің арқасында мамандардың кәсіби көмегімен бірге сіздің шағын бизнесіңіз ең күрделі киберқауіптерден де сенімді қорғалады.