Бүгінгі таңда шағын және орта кәсіпорындар бұлттық технологияларды жиірек таңдайды. Бұлт бизнес үшін икемділікті және қажет болғанда жылдам кеңейтуді қамтамасыз етеді. Дегенмен, жаңа технологияларды енгізу процесінде кәсіпорындар жиі жаңа қиындықтарға, соның ішінде қауіпсіздік проблемаларына тап болады. Оларды шешудің бірінші қадамы – бұлттық технологияларды енгізу кезінде шағын мекемелер жіберетін негізгі қателерді түсіну болып табылады.
Компанияларға бұлттық қауіпсіздікті жақсартуға және ықтимал қатерлерді болдырмауға көмектесу үшін ESET мамандары ең жиі кездесетін қателер мен оларды шешу бойынша кеңестер дайындады.
1. Көп факторлы аутентификацияның болмауы
Статикалық құпия сөздердің қауіпті екендігіне қоса, әрбір компания оларды жасаудың дұрыс саясатын ұстана бермейді. Фишинг, толық сұрыптау және болжау әдісі арқылы жасалатын шабуылдардың арқасында құпия сөздерді ұрлап алу оңай.
Сондықтан аутентификацияның қосымша деңгейін қосу маңызды. Бұл зиянкестерге пайдаланушыларыңыздың бұлттық қызметтердегі есеп жазбаларына қол жеткізуді қиындатады, осылайша деректерді ұрлау және бопсалаушы бағдарламаларды жұқтыру қаупі азаяды. Әйтпесе, мүмкіндігінше балама әдістерге, атап айтқанда, құпия сөзсіз аутентификацияға көшуді қарастыру керек.
2. Бұлттық жеткізушіге толық сенім
Көптеген АТ жетекшілері бұлтқа инвестициялау бәрін үшінші тарапқа аутсорсингке бере салу деп санайды. Іс жүзінде жеткізуші мен тұтынушы арасында бұлттық қауіпсіздік үшін ортақ жауапкершілік моделі бар. Жауапкершіліктің көп бөлігі жеткізушіде болса да, оларды бақылауға арналған қосымша құралдарға инвестиция жасау қажет.
3. Резервтік көшірменің болмауы
Алдыңғы тармаққа сәйкес, қауіпсіздік сұрақтарын бұлт жеткізушісіне толығымен тапсыру дұрыс емес. Әрқашан ең нашар сценарийді қарастырған жөн, мысалы, ықтимал жүйелік ақау немесе кибершабуыл, олардың салдары деректердің жойылуына ғана емес инциденттен кейінгі компания жұмысына да әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан, корпоративтік деректерді сақтауды қарастыру маңызды, мысалы, резервтік көшірмені пайдалану арқылы.
4. Уақытылы түзетулерді елемеу
Осалдықтарды түзетудің жоқтығы оларды зиянкестердің пайдалануына әкелуі мүмкін, бұл жағдай компания бұлтының қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін. Ол өз алдына қатерлі бағдарламалық жасақтаманы жұқтыруға немесе деректердің таралуына алып келуі мүмкін. Осалдықтарды басқару бұлтта болсын, жергілікті түрде болсын маңызды.
ESET шешімдерінде қолжетімді бұл функция басқаруы бірыңғай платформа арқылы іске асатын жұмыс станцияларына арналған операциялық жүйелер мен танымал бағдарламалардағы осалдықтарды белсенді анықтауды және автоматты түрде немесе қолмен жоюды қамтамасыз ететіні туралы айтып өткен жөн.
5. Бұлттың бұрыс конфигурациясы
Бұлтты жеткізушілер іске қосып жатқан жаңа функциялар мен мүмкіндіктердің үлкен көлемі көптеген шағын және орта мекемелер үшін өте күрделі бұлттық ортаны құруға алып келуі мүмкін. Бұл қай конфигурацияның ең қауіпсіз екенін анықтауды әлдеқайда қиындатады. Сондықтан, таралған қателер арасында кез келген үшінші тарап оған қол жеткізе алатындай және ашық порттарды бұғаттауға қабілетсіз болатындай бұлттық қойма бар.
6. Бұлттық трафикті қадағалаудың болмауы
Жылдам анықтау мен әрекет ету өте маңызды болып табылады, себебі белгілерді ертерек байқап, шабуылды компания қызметіне әсер етпей тұрып тоқтатуға мүмкіндік береді. Демек, бұлттық трафикті үнемі бақылау қауіпсіздік әдісінің маңызды бөлігі болып табылады.
7. Корпоративтік деректерді шифрлаудың мүмкін еместігі
Бірде-бір орта бұзудан 100 пайыз қорғаулы емес. Сондықтан компанияға тиетін әсері туралы зиянкестің корпоративтік деректер және қызметкерлер мен тұтынушылардың жеке ақпаратқа кол жеткізу жағдайын да ойланған жөн. Олардың қауіпсіздігі үшін, тіпті ұрлау кезінде де деректерді шифрлауға арналған шешімді киберқылмыскерлердің оқып алуынан қорғау үшін пайдаланған дұрыс.
Бұлттың тиімді қауіпсіздігі үшін не керек?
Бұлт қауіпсіздігі үшін бірінші қадам – таңдалған бұлттық жеткізушінің жұмыс ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Әрі қарай, бұлттық қауіпсіздікті жақсарту үшін қандай қосымша үшінші тарап өнімдері қажет екенін шешу керек, соның ішінде:
- Бұлттық қосымшаларды, электрондық поштаны, деректер мен ортақ жұмысты сақтау бағдарламаларын қорғауға арналған шешімді пайдалану.
- Инциденттерге жылдам әрекет ету және қауіпсіздікдің бұзылуын жою үшін XDR құралдарын, сондай-ақ штаттағы мамандарды жұмылдырмай-ақ анықтау мен әрекет етуді басқаруға арналған MDR қызметтерін пайдалануды қарастыру.
- Активтерді сенімді басқаруға негізделген қатерлерді бағалау негізінде түзету бағдарламасын жасап, өрбіту.
- Зиянкестер оған қол жеткізсе де, олардың қорғауына кепілдік беру үшін деректердер базасы деңгейінде және тасымалдау кезінде деректердің шифрлануын қамтамасыз ету.
- Қолжетімділікті бақылау саясатын, сенімді құпия сөздер мен көп факторлы аутентификацияны пайдалануды, ең аз артықшылық қағидаларын ұстану және белгілі бір IP мекенжайларға арналған шектеулер немесе рұқсаттарды орнатуды анықтау.
- Жоғарыда көрсетілген элементтерден (аутентификация, XDR құрал, шифрлау), сонымен қатар желі сегменттеуі мен бақса да басқару элементтерінен тұратын нөлдік сенім тәсілін қолдану мүмкіндігін қарастыру.
Бұлттың қауіпсіздігі – бұл тек қана жеткізушінің жауапкелрлігі ғана емес екенін есте сақтаған маңызды. Сондықтан бүгіннен бастап барлық мүмкін қатерлерді бақылау мен қауіпсіздік инциденттеріне қарсы әдістердің қамын ойлаңыз.