Жаңартылған ESET бизнес шешімдері: енді бопсалаушы бағдарламалардан күшейтілген қауіпсіздікпен.

ESET компаниясы – ақпараттық қауіпсіздік саласындағы көшбасшы – кәсіпорын пайдаланушыларын қорғауды күшейту үшінESET бизнес шешімдерінің жаңартылғанын хабарлайды.

Жаңалықтар арасында – шифрлау туындататын бизнестің жұмыс барысындағы ақаулардың алдын алу үшін жұмыс станцияларын қорғау модуліндегі бопсалаушы бағдарламалар шабуылдарынан кейін қалпына келтіру функциясы болып табылады.  Бұдан басқа, бұлттық қосымшаларды заманауи шабуыл әдістерінен қорғау жетілдірілді, киберқауіпсіздік офицерлері үшін қосымша құралдар енгізілді, сондай-ақ жасанды интеллект негізіндегі көмекші қолжетімді болды.

Бопсалаушы бағдарламалардың шабуылдары барған сайын күрделене түсуде, өйткені киберқылмыскерлер қауіпсіздік жүйелерін айналып өтудің жаңа әдістерін үздіксіз іздеуде. Бұл шабуылдардың негізгі элементі шифрлау болып табылады, корпоративтік жүйелерге қолжетімділікті бұғаттап, бизнес жұмысының тоқталуына алып келеді және соңында компанияларды деректердің шифрін шешу үшін төлем жасауға мәжбүрлейді. Сонымен қатар, зиянкестер тіпті резервтік көшірмелерді де нысанаға алады, оларды жоюға немесе қалпына келтіру мүмкіндігінсіз зақым келтіруге тырысады.

ESET компаниясы бизнеске бопсалаушы бағдарламалардан қорғанысты күшейту үшін зиянды шифрлау жағдайында деректерді қорғауға мүмкіндік беретін жеке резервтік көшірме құралын ұсынады. Көпдеңгейлі ESET LiveSense технологиясы негізінде жасалған, бағдарламалық бопсалаушылардың шабуылдарынан кейін қалпына келтіру жаңа функциясы іске қосылып тұрған бағдарламаларды олардың мінез-құлқы мен беделіне қарай бағалап, сондай-ақ, күдікті процестерді бұғаттап, қолданыстағы механизмдерімен бірге жұмыс істейді. Енді бұл функционал күдікті белсенділік анықталған жағдайда автоматты түрде резервтік көшірмелер жасауды да іске қосады.

Бопсалаушы бағдарламалардан қорғаныс қауіп анықталған жағдайда зиянды процесті тоқтатып, жаңадан жасалған резервтік көшірмеден файлдарды қалпына келтіреді. Егер процесс қауіпсіз деп танылса, резервтік көшіру автоматты түрде тоқтатылады.

Басқа шешімдерге қарағанда, ESET өнімдеріндегі іске асырылған қалпына келтіру механизмі зиянкестермен деректерді өзгертуге, зақым келтіруге немесе жоюға болмайтын дискіде арнайы қорғалған бөлімде сақталады.

«ESET бопсалаушы бағдарламаларға қарсы күресте жұмыс станцияларын және қызметтерді қорғау функционалы, мысалы, ESET MDR, сондай-ақ «No More Ransom» бастамасына қатысу арқылы үлкен тәжірибеге ие. Бопсалаушы бағдарламалар шабуылынан кейін қалпына келтіру функциясы арқылы біз күрделі қауіптерден қорғану көп күш жұмсауды қажет етпейтінін көрсеткіміз келеді. Осы мақсатқа жету үшін бірнеше рет шерту арқылы іске асатын қарапайым шешім жеткілікті, ал қалғанын ESET қамтамасыз етеді», — деп түсіндіреді, ESET компаниясының корпорациялар және SMB/MSP сегментіндегі вице-президенті Михал Янкеч.

Windows жүйелері үшін қолжетімді бопсалаушы бағдарламалар шабуылынан кейін қалпына келтіру функциясы ESET PROTECT Advanced және басқа да кеңейтілген кешенді шешімдер құрамына кіреді.

Бұлттық қосымшаларды қорғауды жетілдіру

Сондай-ақ, ESET Cloud Office Security пайдаланушыларына жаңа мүмкіндіктер – гомоглифтерден қорғау және Антиспуфинг қолжетімді болады. Бұл функционал зиянкестердің өздерін сенімді көз ретінде көрсету әрекеттерінің алдын алады, сондай-ақ басқа әліпбидегі ұқсас әріптерді пайдалану арқылы зиянды домендер мен URL-мекенжайларды жасыру әрекеттерін анықтайды.

Бұдан бөлек, өнімде енді жеткізілген күдікті хаттарды жылдам қайтарып, карантинге орналастыруға мүмкіндік беретін электрондық хаттарды қайтару функциясы бар. Ал жаңартылған ақпараттық тақталардағы жаңа элементтер пайдаланушылардың қажеттіліктеріне сай қойындылар мен құрамдас бөліктерді теңшеуге мүмкіндік береді.

Жетілдірілген жасанды интеллект негізіндегі көмекші

Басқа жаңартулардың қатарында – дербестендірілген ақпарат ұсынып, оқиғаларды басқаруда жедел көмек беретін ESET AI Advisor генеративті жасанды интеллект негізіндегі көмекшінің өнімділігін жетілдіру.Бұл құрал заманауи XDR шешімі мен қауіптер туралы деректерді жүктеудің артықшылықтарын пайдаланғысы келетін, бірақ ІТ-ресурстары шектеулі компаниялар үшін қолайлы.

Енді өңдеуге арналған деректердің кеңейтілген жиынтығының арқасында ESET AI Advisor қауіпсіздік талдаушыларына операциялық қауіпсіздік орталығы (SOC) деңгейінде ұсыныстар беріп, олардың мүмкіндіктерін арттырады. Сонымен қатар, ESET AI Advisor енді жеке өнім ретінде сатып алуға болады және оны ESET PROTECT Enterprise, ESET PROTECT Elite және ESET PROTECT MDR кешенді шешімдеріне қосымша ретінде пайдалану мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, көмекші ESET PROTECT MDR Ultimate және ESET Threat Intelligence шешімдерінің (APT-есептерінің Advanced және Ultimate деңгейлері) құрамына кіреді.

Жаңа деректер жүктемелері мен APT есептері

Енді ESET Threat Intelligence құралдар жинағына кез келген көлемдегі компаниялардың қажеттіліктеріне сай жаңа деректер жүктемелері мен APT есептерінің қосымша деңгейлері енгізілді. Атап айтқанда, ESET бопсалаушы бағдарламалар, зиянды электрондық пошта тіркемелері, криптожалғандық, фишингтік URL мекенжайлары, смишинг, SMS алаяқтық және басқа да қауіптер туралы мұқият іріктелген егжей-тегжейлі деректерді ұсынып, деректер жүктемелерінің санын 8-ден 15-ке дейін кеңейтті.

Шешімнің сынақ нұсқасын алу, пилоттық жобаны іске қосу, шешімді сатып алу немесе қосымша кеңес алу үшін мамандарға sales@esetofficial.kz электрондық поштасы немесе +7 778 003 29 26 телефоны арқылы хабарласыңыз.