Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы көшбасшы – ESET компаниясы – осалдықтар мен түзетулерді басқаруға арналған модульдің жаңартылғаны туралы хабарлайды. Ол енді Linux* компьютерлері мен серверлері, сонымен қатар macOS** үшін қолжетімді. Жаңа ESET Vulnerability & Patch Management ақпараттық тақтасы кесте және талап бойынша сканерлеудің арқасында жақсартылған көрінімділік пен жетілдіріліген бақылауды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, енді осалдықтар мен түзетулерді басқару ESET PROTECT Entry мен ESET PROTECT Advanced шешімдеріне қосымша ретінде сатып алу үшін қолжетімді.
Қазіргі таңда, мекемелерге шабуылдар қатерлерін азайту өте маңызды болып табылады. Мыңдаған осалдықтар тоқсан бойын анықталады, ал осындай бір осалдық бизнес жұмысының тоқтауына әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайлар үшін осалдықтар мен түзетулерді басқару үздік құрал болып табылады. Ол кибергигиена мен қауіпсіздікке деген белсенді тәсілді қамтамасыз етеді, сонымен қатар инциденттердің пайда болуының алдын алады.
ESET Vulnerability & Patch Management модулінің енді үздік көрінімділік пен айқындық үшін жаңа ақпараттық тақтасы бар. Ол пайдалану ыңғайлылығын жақсартады, сонымен қатар желідегі осалдықтар мен түзетулердің күйін лезде шолуды ұсынады.
Сонымен қатар, ESET Vulnerability & Patch Management модулінің ESET PROTECT платформасымен терең интеграциясына байланысты талап бойынша осалдықтарды сканерлеуді қолдайды. Ол қандай да бір құрылғылардың күйін дереу талдауға мүмкіндік береді.
Дегенмен осалдықтарды әдепкі қалпы бойынша сканерлеу сіздің уақытыңызды үнемдеу үшін толығымен автоматтандырылған. Windows пен Linux серверлері үшін бұл өнім әкімшілерге қолмен басқару мүмкіндігін ұсынады. Бұл мамандарға бизнес-процестердің үздіксіз жұмысы үшін сканерлеу мен түзету процестерін жақсырақ бақылауға көмектеседі.
«Біздің ойымызша қауіпсіздік басқа да маңызды тапсырмаларған жаратуға болатын көптеген қорларды жұмылдыруды қажет етпеуі керек. ESET Vulnerability & Patch Management модулінің осы жаңартуында біз – жылдамдық, пайдалану қарапайымдылығы, нормативті талаптарға сәйкестік пен белсенді әдіс сияқты маңызы бар нәрселерге көңіл бөле отырып, осының бәрін қарастырамыз. Қатерлер үнемі өзгеріп отырады және ESET шешімдері де мекемелерді үнемі қорғап отыру үшін дамып отырады», – деді ESET компаниясының корпорациялар сегменті, шағын және орта бизнес, MSP бойынша вице-президенті Михал Янкех.
ESET Vulnerability & Patch Management ESET PROTECT Complete, ESET PROTECT Elite, ESET PROTECT MDR және ESET PROTECT MDR Ultimate шешімдерінің құрамында қолжетімді. Ал енді соңғы жаңартудың арқасында пайдаланушылар ESET PROTECT Entry және ESET PROTECT Advanced шешімдеріне қосымша ретінде осы модульге тапсырыс бере алады. Ол шағын мен орта мекемелердің қауіпсіздігін күшейтуге көмектеседі.
ESET Vulnerability & Patch Management модулі жайлы толығырақ ақпаратты сілтеме бойынша білуге болады.