Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы көшбасшы ESET компаниясы ағымдағы шабуыл векторларынан қорғауды күшейту және сандық қауіпсіздік мәселелеріне жылдам әрекет етуге арналған бизнес өнім желісін жаңарту туралы хабарлайды. Атап айтқанда, ESET PROTECT Elite жаңа кешенді шешімі, сонымен қатар осалдық пен түзетулерді басқару деп аталатын қорғаныстың қосымша деңгейі пайдаланушылар үшін қолжетімді болады.
«Көптеген шағын және орта бизнес мекемелері олардың жұмыс станцияларын кибершабуылдарға осал еткізетін бүкіл желі бойынша түзетулер мен жаңартуларды басқару проблемаларына кезігеді», - деп ESET компаниясының SMB және MSP сегментінің вице-президенті Михал Янкеч өз пікірімен бөліседі. «Түзетулер саясатын баптау мүмкіндігі кез келген көлемдегі мекемелерге шабуыл қаупін азайтуға және киберқауіпсіздік талаптарын орындауға көмектеседі, сонымен қатар әртүрлі ISO сертификаттауы үшін стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз етеді.
Жаңа өнім желісі - ESET PROTECT Elite
ESET PROTECT Elite қауіптіерді көрінуін және анықтауды, жұмыс станіияларын қорғау және киберқауіпті азайту үшін деректер қауіпсіздігін жақсарту үшін XDR мүмкіндіктерін біріктіру арқылы корпоративтік желіні көп деңгейлі қорғауды қамтамасыз етеді. Жаңа кешенді шешім мыналарды қамтиды:
• басқару консолі;
• кеңейтілген анықтау және әрекет ету;
• жұмыс станциялары мен серверлерді қорғау;
• қауіптен қорғаудың кеңейтілген түрі;
• толық дискілік шифрлау;
• осалдықтар мен түзетулерді басқару;
• пошталық және бұлттық бағдарламаларды қорғау;
• көп факторлы аутентификация.
Шешім мен оның қорғау мүмкіндіктеріне толық шолу мына сілтеме бойынша қол жетімді.
Қорғаудың жаңа деңгейі – осалдықтар мен түзетулерді басқару
Бұл компонент Adobe Acrobat, Mozilla Firefox және Zoom Client сияқты мыңдаған танымал бағдарламаларды 35 000-нан астам жалпы осалдықтар мен қатерлерге (CVE) сканерлеуге мүмкіндік береді. Бұл автоматты сканерлеуді арнайы баптаулар арқылы жоспарлауға болады. Бұл жағдайда осалдықтарды ықпалды, сыншылдықты және уақытты бағалау негізінде фильтрлеуге және артықшылықтары бойынша орын-орнына қоюға болады. ESET PROTECT платформасының бұлттық консолін пайдалана отырып, компаниялар ең осал бағдарламалық жасақтама мен вирус жұққан құрылғылар туралы есептерді жібере алады.
Сонымен қатар, пайдаланушыларға атаулары мен бірге түзетулер тізімі, бағдарлама нұсқасы, CVE, сыншылдығы немесе маңыздылығы және вирус жұққан қолжетімді. Кәсіпорындар жаңартуларды дереу іске қоса алады және бапталған параметрлерінің көмегімен немесе қолмен түзетулерді орната алады. Ақауларды болдырмау үшін маңызды активтерге басымдығын анықтаудың арқасында және қалғандарын басқа уақытқа жоспарлау арқылы процесті жеңілдетуге мүмкіндік бар. Мекемелер желінің белгілі бір бөлігіне назар аудара отырып, желі туралы толық шолу алу үшін осалдықтар мен түзетулерді басқару мүмкіндіктерін пайдалана алады.
ESET PROTECT платформасына осалдықтар мен түзетулерді басқаруды біріктіру ESET компаниясының IT, OT және ICS маңызды инфрақұрылым киберқауіпсіздік саласындағы көшбасшысы OPSWAT компаниясымен ынтымақтастығы арқылы мүмкін болды.
Айта кететін жай, осалдықтар мен түзетулерді басқару мүмкіндігі ESET PROTECT Complete және ESET PROTECT MDR кешенді шешімдерінде, сондай-ақ жаңа шешім - ESET PROTECT Elite-те де қолжетімді.
ESET PROTECT платформасы теңдестірілген қауіпсіздікті бұзудың алдын алу, анықтау және әрекет ету мүмкіндіктерін, жетекші қызметтер мен қауіп барлауын біріктіреді. Жаңа шешімнен басқа, корпоративтік пайдаланушыларға арналған барлық көлемдегі бизнес үшін тағы 4 кешенді шешім қолжетімді:
ESET PROTECT Entry ESET PROTECT Cloud басқару консолінің көмегімен жұмыс станциялары мен серверлерді қорғайды.
ESET PROTECT Advanced бағдарламасы қауіптерге қарсы тұратын жетекші технологиялар мен толыұ дискілік шифрлаудың арқасында жұмыс станцияларының кеңейтілген қорғауын қамтамасыз етеді
ESET PROTECT Complete киберқауіпті азайту үшін жұмыс станцияларын, бұлттық қосымшалар мен пошталшарды кешенді қорғауды қамтамасыз етеді, сонымен қатар жаңа осалдықтар мен түзетулерді басқару мүмкіндіктерінен тұрады.
ESET PROTECT MDR киберқауіптерді кешенді басқаруды, қауіптерді, маңызды деректер мен ESET қызметтерін, сонымен қатар жаңа мүмкіндіктерді – осалдықтар мен түзетулерді басқару және көпфакторлы аутентификацияны анықтау мен әрекет етуді қоса отырып корпоративтік желіні жан-жақты қорғауды қамтамасыз етеді,
ESET кешенді шешімдерін салыстыруды сілтеме бойынша көруге болады.
ESET PROTECT бұлттық консолінің көмегімен мекемелер қауіпсіздік қатерлерін оңай бағалай алады және «0 күндік» осалдықтарды уақтылы анықтауды және жоюды қамтамасыз ете отырып, бүкіл желідегі түзетулерді басқара алады. Автоматты сканерлеу және фильтрлеу параметрлерінің кең ауқымы маңызды қауіпсіздік мәселелерін жылдам анықтауға және назар аударуға мүмкіндік береді. Оған қоса, автоматты және қолмен түзету параметрлері көмегімен компаниялар жұмыс станцияларының соңғы қауіпсіздік түзетулерінің жаңартылып тұруын қамтамасыз ете алады.
Егер сізге көмек немесе қосымша кеңес керек болса, техникалық қолдау көрсету мамандарына мына support@esetofficial.kz электронды мекенжай бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.