Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы көшбасшы – ESET компаниясы көп факторлы аутентификацияға арналған ESET Secure Authentication шешімінің жаңа бұлттық нұсқасын ұсынады. Әртүрлі көлемдегі компания қажеттіліктеріне сәйкес жасалған жаңа нұсқа өрбітудің үздік икемділігі мен баптау жеңілдігін, сонымен қатар аутентификация әдістерінің кең таңдауынан тұрады.
Сонымен қатар шешім бірнеше компания немесе жұмыс орындарын басқаруға арналған көп деңгейлі иерархиялық басқару мүмкіндігіне ие. Ол әсіресе MSP серіктестеріне пайдалы, пайдаланушылардың жеке тобына арналған баптаулар икемдігін ұсынады.
Көп факторлы аутентификация неліктен бизнеске қажет?
Компания деректеріне қол жеткізудің ең кең тараған тәсілдері – автоматты боттардың көмегімен, фишинг немесе мақсатты бағытталған шабуылдардың арқасында алынған осал немесе ұрланған құпия сөздер болып табылады. 2024 жылғы Verizon есебіне сәйкес веб-қосымшаларға жасалған шабуылдардың 77%-ы есеп жазбаларды ұрлаумен байланысты, оның 21%-ы құпия сөздерді таңдау әдісімен жасалған шабуылдардың нәтижесі болып табылады.
Осындай қатерлерден және рұқсатсыз кіруден қорғауды күшейту үшін, пайдаланушылардың компания қызметтеріне кірудің негізгі қорғауына қосымша ретінде көп факторлы аутентификацияны қолдануға болады. Мұндай шешімді пайдалану қажеттігі пайдаланушылардың өздерінің көптеген есеп жазбаларына бірдей құпия сөз жасауына байланысты.
ESET Secure Authentication хакерлерге маңызды жүйелерге қол жеткізуді біршама қиындатады және оларға қауіп төндірмеуге көмектеседі. Ал енді жергілікті нұқсаға қосымша ESET Secure Authentication шешімінің бұлттық нұсқасы қолжетімді болады. Ол көп факторлы аутентификацияны кез келген компанияға арналған өрбітуді жергілікті жабдықты қолдану мүмкіндігісіз ақ біршама жеңілдетеді.
«Біз осал құпия сөздердің деректерге қолжетімділікпен байланысты жойқын шабуылдарға әкелетінін түсінеміз. ESET Secure Authentication жүйесінің бұлттық нұсқасын ұсына отырып, біз баптауы икемді әрі жеңіл, өрбітуі оңай және ең бастысы кез келген көлемдегі компания үшін тиімді әрі қолжетімді шешімді ұсынуға тырысамыз. Сонымен қатар, шешім корпоративті деректерді, бизнес қауіпсіздігіне кешенді көзқарасты толықтыра отырып, сенімді қорғауды қамтамасыз етеді», – деді ESET компаниясының SMB және MSP сегментінің вице-президенті Михал Янкех.
ESET көп факторлы аутентификациясының қандай артықшылықтары бар?
ESET Secure Authentication кез келген көлемдегі компанияларға деректерге рұқсатсыз кірудің алдын алып, нормативті талаптарға жауап беру үшін VPN, қашықтағы жұмыс үстелі протоколы, Outlook Web Access, операциялық жүйеге және басқаға кіру сияқты кең тараған жүйелерде көп факторлы аутентификацияны қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар шешім push-хабарландырулары бар мобильді қосымшаларды, аппараттық токендерді, FIDO кілттері мен басқа да арнайы тәсілдерді қолдайды.
ESET Secure Authentication көмегімен компаниялар автоматизация деңгейін көбейте алады және АТ әкімшілерге түсетін салмақты жеңілдетеді, сол арқылы есеп деректеріне бағытталған шабуылдарды қорғау деңгейін арттырады.
ESET Secure Authentication бұлттық нұсқасы ESET PROTECT Elite, ESET PROTECT MDR немесе ESET PROTECT MDR Ultimate кешенді шешімдерінің құрамында сатып алуға, сонымен қатар бағасында ешқандай өзгеріссіз жеке басты өнім ретінде де қолжетімді. Дегенмен, бұлттық нұсқаның қолжетімділігінің қажетті шарты болып ESET PROTECT Hub порталында есеп жазбаның болуы табылады.
Шешімнің сынақ нұсқасын алу, пилотты өрбіту, шешімді сатып алу немесе кеңес алу үшін sales@esetofficial.kz электронды мекенжайы бойынша мамандарға хабарласыңыз.