ESET бопсалаушы бағдарламалар, фишинг пен жеке деректерді ұрлаудан қорғауды күшейтеді

ESET компаниясы – ақпараттық қауіпсіздік саласындағы көшбасшы – Windows, macOS, Android пен iOS үй құрылғыларын бұрынғыдан да мықты қорғауға арналған жаңартылған өнімдерді, сонымен қатар олардың құпия деректерін ұсынады. Енді пайдаланушылар жаңа функцияларға – көп ағынды скарнерлеу мен бумаларды қорғауға арналған ESET Folder Guard, сонымен қатар үй желісінің құрылғыларын бопсалаушы бағдарламалардан, фишингтен және онлайн-алаяқтықтан қорғауға арналған басқа да жақсартуларға қол жеткізе алады. 

Жақсартылған функционалы бар жаңартылған шешімдер құрылғыларды үнемі дамып жатқан жаңа, күрделі кибер қауіптерден қорғауға көмектеседі. Су жаңа технологияларды пайдалануға қарамастан ESET шешімдері барлық негізгі операциялық жүйелер үшін қолжетімді, қауіпсіздікті басқаруға арналған ESET HOME  платформасының арқасында қолдануда қарапайым болып келеді.

«Қауіпсіздік бойынша сандық шешімдердің озық жеткізушісі ретінде, ESET әрдайым зиянкестерден бір қадам алда болуға тырысады. Біздің сарапшылар адам мен жасанды интеллект, қауіпсіздік бойынша көп деңгейлі технологиялар мен бұлттық қорғаудың арасындағы 30 жылдан астам тәжірибені біріктіретін мықты сандық шешімдерді жасады. Қауіптердің алдын алуға бағытталған тәсілді ұстана отырып, ESET шешімдері ыңғайлы, мықты, оңай әрі жылдам болып қала бере, құпиялылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді», – деп ESET компаниясының үй пайдаланушылары мен заттар Интернеті құрылғыларына арналған өнімдер сегментінің вице-президенті өз пікірін білдірді.

Анағұрлым мықты қорғауға арналған жаңа функциялар

  1. ESET Folder Guard Windows жүйесінің пайдаланушыларының құнды деректерін бопсалаушы бағдарламалар, құрттар мен деректерді жоюға арналған бағдарламалар сияқты зиянды бағдарламалар мен қауіптерден қорғауды қамтамасыз етеді. Пайдаланушылар сенімсіз бағдарламалар файлдарын өзгерте алмайтын немесе жоя алмайтын қорғалған бумалардың тізімін жасай алады. Жаңа функция тек ESET HOME Security Premium премиум жазылымында ғана қолжетімді екені жайлы айта кеткен жөн.
  2. Көп ағынды сканерлеу орталық процессордың қолжетімді ядроларының арасындағы сканерлеуге сұранымдарды үлестіру арқылы Windows құрылғылары қолданатын көп ядролы процессорлерге арналған сканерлеудің өнімділігін жақсартады. Сканерлеудің ағындар саны құрылғы процессорының ядроларының санына тең болуы мүмкін.
  3. Сілтемелер сканері ESET Mobile Security, бағдарламасында қолжетімді. Ол мобильді құрылғыларды пайдаланушыларды веб-сайттардан немесе ESET деректер базасындағы домендерден келген ықтимал фишинг шабуылдарын бұғаттау арқылы қорғауды жақсартады. Сонымен қатар, бұл Android смартфондарының иелеріне арналған қосымша қорғау деңгейі. Бұл деңгей әрбір сілтемені пайдаланушы ашуға әрекет жасаған кезде тексереді. Мысалы, егер пайдаланушы фишингтік сілтемені ойын кезінде алып, соны ашса, сілтеме алдымен ESET бағдарламасына тексеруге, сосын браузерге жіберіледі. Егер пайдаланушы қолдау көрсетілмейтін браузерді қолданса, сканер зиянды сілтемені бұғаттап тастайды.

Қолданыстағы функцияларға арналған маңызды жақсартулар

Жаңартылған «Ойын режимі» функциясы пайдаланушыларға қосымшалар тізімін жасауға мүмкіндік береді. Олар ашылған соң ойын режимі іске қосылады. Сақ ойыншыларға ойын режимінің жұмысы кезінде интерактивті хабарландыруларды көрсетуге арналған жаңа опция да бар. Бұл функция қалқымалы терезелері жоқ бағдарламалық жасақтаманы үздіксіз қолдануды және ресурстардың қолданылуын азайтуын қажет ететін пайдаланушыларға арналғаны туралы айта кеткен жөн.

«Құпия сөздерді басқару» функциясында енді басқа құрылғыларда кірген кезде қашықтан шығу опциясы бар. Пайдаланушылар өз құпия сөздерін әшкереленген құпия сөздер тізімінен тексеріп, қауіпсіздік туралы есепті қарай алады. Ол есеп пайдаланушыларды сақталған есеп жазбалардағы осал немесе қайталанып келетін құпия сөздерді қолданғаны жайлы хабардар етеді. Құпия сөздерді басқару қосымша екі факторлы аутентификация (2FA) сияқты үшінші тарап әзірлеушілерінің бағдарламаларын пайдалануға мүмкіндік береді.

Mac құрылғыларының қорғауын жақсартудың арқасында шешімдердің енді артық баптаусыз ақ негізгі графикалық интерфейсінде пайдаланушылардың әртүрлі қажеттіліктеріне сәйкес негізгі және кеңейтілген баптау параметрлері бар жаңа жүйеленген брандмауэрі бар.

ESET жазылымдары үй желісін және смарт үй құрылғыларын қорғау, құпия және жеке деректерді қорғау және өнімділікті оңтайландыру үшін негізгі қауіпсіздік функцияларын қажет ететін пайдаланушылар үшін өте қолайлы.

Үй пайдалануышыларына арналған жазылымдар туралы толығырақ сілтеме бойынша оқыңыз.