ESET бизнес пайдаланушыларды бұрынғыдан да мықтырақ қорғау үшін шешімдер қоржынын кеңейтуде

Келесі жаңалық

Ақпараттық қауіпсіздік саласының көшбасшысы ESET компаниясы корпоративтік пайдаланушыларды қорғауды күшейту үшін бизнес өнім желісінің жаңартуын ұсынады. Атап айтқанда, пайдаланушыларға ірі компаниялар мен корпорацияларды қорғауға арналған жаңа ESET PROTECT MDR Ultimate кешенді шешімі және орта бизнес пен үлкен кәсіпорындарды қорғауға арналған жаңа ESET PROTECT MDR кешенді шешімі, сонымен қатар мобильді құрылғыларды кеңейтілген қорғау қолжетімді.

«Осы жаңартудың арқасында ESET өнімдері қауіпсіз жұмысқа арналған қажетті икемдері немесе ресурстары жоқ бизнес пайдаланушылар үшін қолжетімді болады. Бұл мекемелерге қызметтер мен киберқылмыскерлерден бір қадам алда болу үшін киберқауіпсіздік мәселелеріне тиімді жауап беретін тәжірибелі мамандардың көмегімен жан-жақты қорғауды қамтамасыз етуге көмектеседі», ― деп түсіндіреді ESET компаниясының SMB және MSP сегменттерінің вице-президенті Михал Янкех.

Киберқауіпсіздік мамандарының жетіспеушілігінің проблемалары мен нормативті актілерді сақтау проблемаларын шешуге көмектесе отыра ESET PROTECT MDR шешімі орта бизнес үшін қолайлы. Ол жылдам анықтау мен әрекет етуді қамтамасыз етеді, әрі уақытылы есептерді ұсынады. Кешенді шешімнің құрамына келесілер кіреді:

Жаңа ESET PROTECT MDR Ultimate кешенді шешімі белсенді қорғауды және қауіптерді іздеу мен инциденттерге уақытылы әрекет етуге арналған қашықтан мамандандырылған көмекпен бірге жақсартылған көрінімді қамтамасыз етеді. Алдыңғы шешімнің барлық компоненттерін қосқанда ESET PROTECT MDR Ultimate қауіпсіздік бойынша қызметтің жоғары деңгейлерінен ― ESET Detection & Response Ultimate және ESET Premium Support Advanced премиум қолдауынан тұрады.

Негізгі артықшылықтарға арнайы ESET маманы, белсенді ақпараттандыру мен әзірлеушілердің сұраныстарын бірінші кезекте қарастыруы жатады. Бұған қоса, бұл қызмет деңгейі сандық тергеулер мен инциденттерге әрекет ету кезінде, зиянды бағдарламаларды анықтауға қолдау көрсетуге және зиянды файлдарды сарапшылық талдау жасауға көмектеседі.

ESET бизнес-портфолиосының қосымша жаңартулары

ESET PROTECT Advanced бағдарламасынан бастап барлық кешенді шешімдер* құрамына енді ESET PROTECT платформасынан басқарылатын мобильді құрылғыларды кеңейтілген қорғаумен қамтамасыз ететін ESET Mobile Threat Defense кіреді. Сонымен қатар, ESET Mobile Threat Defence шешімі Microsoft Entra ID қосымша қолдауы бар мобильді құрылғыларды басқару функциясынан (MDM) тұрады.

Бұған қоса, серверлерді қорғауды қамтамасыз ететін ESET Server Security шешімінің функционалына Windows серверлері үшін арнайы әзірленген брандмауэр және осалдықтар мен түзетулерді басқару қосылды. Бұлтағы кеңейтілген талдауды қамтамасыз ететін ESET LiveGuard Advanced шешімі енді пайдаланушылардың іс- әрекеттері жайында кеңейтілген есептерді, атап айтқанда бұлттық құмсалғыш күдікті файлдарды талдау кезеңі туралы толық шолуды ұсынады. Ол қауіпсіздік бойынша мамандарға үздік көрінім мен мәтінмәнді қамтамасыз етеді.

Кешенді шешімге тапсырыс беру ушін немесе қосымша кеңес алу үшін мамандарға келесі электрондық мекенжай sales@esetofficial.kz немесе +7 778 003 29 26 телефоны арқылы хабарласыңыз.

 

 

* Сонымен қатар ESET PROTECT Entry шешімінің пайдаланушыларына мобильді құрылғыларды қорғау да қолжетімді, дегенмен лицензиялау шарттарында ерекшеліктер бар. ESET PROTECT Entry лицензиясын 100 объектіге қолдануға болады, мысалы, 50 компьютер мен 50 мобильді құрылғыларды қорғау үшін. ESET PROTECT Advanced шешімінен бастап басқа кешенді шешімдер үшін 100 объектіге лицензия сатып алу кезінде 100 компьютер мен 100 мобильді құрылғыны қорғауға болады.