ESET шешімдерінің эксклюзивті дистрибьюторы Қазақстанда кеңселерін ашуда

Келесі жаңалық

Армения, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстандағы ESET шешімдерінің эксклюзивті дистрибьюторы ADEON International Қазақстанның Алматы және Астана қалаларында өз кеңсесін ашқаны жайлы хабарлайды және осылайша өзінің Орталық Азиядағы қатысуын кеңейтеді. Осыған орай пайдаланушылар сандық қауіпсіздіктің ең жоғары деңгейін қамтамасыз етуге арналған ESET шешімдерін таңдау, сатып алу және пайдалану кезінде бұрынғыдан да жоғары артықшылықтарға ие болады.

Атап айтқанда, енді Қазақстанда жергілікті техникалық және ақпараттық қолдау көрсету қызметі +7 727 313 14 83 телефон нөмірі және келесі электрондық пошта мекенжайлары бойынша қолжетімді:

· support@esetofficial.kz – орнату, баптау, өнімдерді жаңарту және басқа да техникалық сұрақтар бойынша көмек көрсету;

· sales@esetofficial.kz– өнімдерді таңдау процесі, тапсырыс беру, бағасын есептеу, тендер бойынша құжаттамаларды дайындау және өнімді лицензиялауға қатысты басқа да сұрақтар бойынша кеңестер.

«Киберқауіпсіздік саласындағы көп жылдық тәжірибеміздің арқасында біз пайдаланушының қажеттіліктеріне негізделген жедел және сапалы көмек көрсетудің маңыздылығын түсінеміз. Кеңселердің ашылуы бізге пайдаланушыларға жақынырақ болуға және олардың сандық қорғаныс деңгейін күшейтуге мүмкіндік береді», — дейді Қазақстандағы ESET серіктестерімен және тұтынушыларымен жұмыс жөніндегі жетекші менеджер Арнұр Шулькев.

Сонымен қатар, пайдаланушылар ресми интернет-дүкенде өз құрылғыларына арналған вирусқа қарсы бағдарламаларды сатып ала алады, ал компаниялар болса өздерінің корпоративтік желісін киберқауіпсіздіктің жетілдірілген шешімдерінің көмегімен қорғай алады. Барлық өнімдер туралы толық ақпаратты https://www.eset.comресми веб-сайтынан таба аласыз және соңғы жаңалықтар мен киберқауіпсіздік зерттеулерін Facebook әлеуметтік желісіндегі жергілікті парақшадан көре аласыз.

Осылайша, кеңселердің ашылуы пайдаланушыларды күрделі киберқауіптерден қорғаудың бұрынғыдан да жоғары деңгейін қамтамасыз етуге, сондай-ақ жергілікті нарықтың қажеттіліктерін ескере отырып, өзара тығыз қарым-қатынастың арқасында аймақтық серіктестермен ұзақ мерзімді және жемісті ынтымақтастықты құруға мүмкіндік береді.

Айта кететін жайт, ESET компаниясы озық технологияларды сандық қауіптерден қорғап, киберқауіпсіздік шешімдерін 30 жылдан астам уақыт бойы жасап келеді. Әлемнің 180-нен астам еліндегі миллиондаған пайдаланушылар мен мыңдаған кәсіпорындар өздерінің киберқорғауларын ESET өнімдері мен қызметтеріне табыстайды. Шешімдердің сапасын көптеген тәуелсіз сынақтар мен беделді салалық зерттеулер үнемі растап отырады. Компанияның штаб-пәтері Словакияның Братислава қаласында орналасқан.

Естеріңізге сала кетейік, ESET компаниясы Армения, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанда киберқорғауды қамтамасыз ету үшін ADEON International компаниясымен серіктестігі арқылы өзінің қатысуын күшейтті. Осылайша, пайдаланушылар толық ресми техникалық және ақпараттық қолдау көрсетуді қоса отырып, ESET шешімдері мен қызметтерінен көбірек артықшылықтарға ие болды.

Толық байланыс ақпараты мына сілтеме бойынша қолжетімді.