Ақпараттық қауіпсіздік шешімдерін әзірлеудегі көшбасшы ESET өз технологияларының сенімділігін растады және Қазақстандағы қауіпсіздік стандартына сәйкестік сертификаттарын алды. Жұмыс станцияларын, файлдық және пошта серверлерін қорғауға, сондай-ақ қашықтан басқаруға арналған ESET өнімдері сертификаттаудан өтті, осылайша 4-ші сенімділік деңгейін бағалауға арналған ҚР СТ ISO/IEC 15408-3-2017 стандартында белгіленген талаптарға сәйкестігін дәлелдеді.
Осылайша, сынақтар мен тексерулер кезінде өнімдер өз сенімлілігі мен корпоративтік кәсіпорындарды да, мемлекеттік мекемелерді де қорғау үшін пайдалану мүмкіндігін растады.
Алдыңғы қатарлы технологиялардың арқасында ESET шешімдері корпоративті ортаның мықты қорғауын қамтамасыз етеді. Ол өз алдына зиянды бағдарламаның таралуын болдырмауға, зиянды әрекеттерді анықтай отырып және дереу әрекет етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өнімдердің маңызды артықшылығы болып- киберқауіпсіздікке көп деңгейлі көзқарас, сондай-ақ құрылғы жүйесінің жұмысына ең аз әсер етуі табылады.
«30 жылдан астам уақыт бойы ESET алдыңғы қатарлы киберқорғау технологияларын жасап қана қоймай, сонымен қатар барлық елде пайдаланушылар үшін қауіпсіз ортаны құруға ұмтылады. ҚР СТ ISO/IEC 15408-3-2017 талаптарына сәйкес сертификаттарды алу Қазақстандағы өнімдердің қолжетімділігін кеңейтеді және әркімнің цифрлық қорғанысын күшейтудің тағы бір маңызды қадамы болып табылады», ―деп түсіндірді Қазақстандағы ESET серіктестері және тұтынушыларымен жұмыс жөніндегі жетекші менеджер Арнұр Шулькев.
Осылайша, сертификаттардың болуы енді барлық корпоративтік, мемлекеттік, банктік және басқа қазақ мекемелерінің АТ-инфрақұрылымдарын кешенді киберқорғаумен қамтамасыз ету үшін ESET PROTECT Entry кешенді шешімін пайдалануға мүмкіндік береді. Электрондық пошта серверлерін де қорғау қажет болса, кәсіпорындарға ESET PROTECT Complete бағдарламасын пайдалануды қарастыруға болады.
Айта кететін жай, ESET компаниясы 30 жылдан астам уақыт бойы озық технологияларды цифрлық қауіптерден қорғай отырып, киберқауіпсіздік шешімдерін жасап келеді. Әлемнің 180-нен астам еліндегі миллиондаған пайдаланушылар мен мыңдаған кәсіпорындар өздерінің киберқорғауларын ESET өнімдері мен қызметтеріне сенеді. Шешімдердің сапасын көптеген тәуелсіз сынақтар мен беделді салалық зерттеулер үнемі растап отырады.
ESET өнімдерінің Қазақстандағы қауіпсіздік стандартына сәйкестігі туралы сертификаттар келесі сілтемелерде қолжетімді:
- жұмыс станцияларын қорғау ― ESET Endpoint Security for Windows версии 11.1
- файл серверлерін қорғау ― ESET Server Security for Windows Server версии 11.0
- пошта серверлерін қорғау ― ESET Mail Security for Microsoft Exchange Server версии 11.0
- жергілікті қашықтан басқару ― ESET PROTECT On-Prem версии 11.1
Ең оңтайлы шешімді таңдау бойынша ұсыныстар алу үшін немесе корпоративтік ортада ESET өнімдерін енгізу және баптау бойынша көмек қажет болса, пайдаланушылар әрқашан +7 778 003 29 26 телефоны немесе support@esetofficial.kz электрондық поштасы арқылы Қазақстандағы жергілікті техникалық қолдау қызметіне хабарласа алады.