2023 жылы ESET Gartner® Peer Insights™ платформасында «Тұтынушы таңдауы» сыйлығын жеңіп алды

Соңғы нүктелерді қорғау платформаларының (EPP) жетекші провайдеріESET компаниясы 2023 жылы Gartner Peer Insights нәтижесі бойынша ESET PROTECT шешімі үшін «Тұтынушы таңдауы» марапатына ие болғаны жайлы хабарлайды. Бұл тану ESET-тің жалпы тәжірибе, пайдаланушы қызығушылығы және бейімделу бойынша нарықтағы орташа немесе одан жоғары көрсеткішке сәйкес келетінінкөрсетеді. Gartner Peer Insights есебіне сәйкес, пайдаланушылардың 97 пайызы ESET-ті 5 немесе 4 жұлдызбен* бағалады.

ESET PROTECT шешімінежүздеген өнім шолуларында тұтынушылар оған сату тәжірибесі, өрбіту және қолдау тарапынан жоғары баға береді. Есеп жеткізушілердің шолуларын қамтиды және шешімді енгізу және пайдалану бойынша әріптестердің тікелей тәжірибесіне назар аударады, бұл оныөз мекемесінде АТ саласында шешімдерді қабылдап ең үздік шешімді іздейтін баға жетпес ресурс етеді. Біздің пайдаланушыларымыз бен әріптестеріміздің 91 пайызы ESET жүйесін EMEA аймағындағы «Тұтынушының жалпы таңдауы» және «Тұтынушы таңдауы» номинациясына ұсынуға дайын екенін білдірді.

ESET PROTECT пайдаланушылардың нақты қажеттіліктерін ескере отырып жасалған және бизнестегі өзгермелі қауіпсіздік талаптарын қанағаттандыру үшін үнемі дамып келеді. Тұтынушылар келесі артықшылықтарды ие болады:

  • қауіптерді қорғау мен анықтаудың озық технологиялары;
  • анықтау мен әрекет етуді басқаруға арналған ауқымды және қолдау көрсетілетін қызметтер;
  • осалдықтарды автоматтандырылған бағалау;
  • және түзетулерді басқару мүмкіндіктері.

«Бұл мойындау біздің дұрыс жолда екенімізді білдіреді, мүмкіндіктерді үнемі кеңейтіп отыруға және тұтынушыларымызды цифрлық ортада қорғауға деген мызғымас міндеттемемізді растайды. Біз тұтынушыларымызға тұрақты кері байланыстары үшін шексіз алғысымызды білдіреміз, бұл біздің өнімдерімізді дамытуға қатысты шешімдерге өз әсерін тигізеді. Біз тұтынушыларымыздың киберқауіпсіздік қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру үшін инновацияларды енгізуді жалғастырамыз және кемелдікке жетуге тырысамыз», - деді Павол Бала й, ESET корпоративтік сегментінің вице - президенті.

«Тұтынушы таңдауы» марапатына ие болғанымызға өте қуаныштымыз, әсіресе ол біздің бизнес құралдарының тұрақты пайдаланушыларынан болғандықтан. Бұл біздің өнімдерді күнделікті қолданатын адамдардан олар жайлы өз алдына есеп беру түрі. Біз бұл мойындау біздің бизнеске деген көзқарасымыз біздің қызметтерді қарастыру, келісім шартқа қол қою, өрбіту мен күнделікті пайдалану деңгейлерінде тұтынушыларымызды қанағаттандыратынын көрсетеді деп есептейміз», - деп жалғастырды Павол Баладж.

ESET марапаттары мен мойындаулары туралы қосымша ақпарат алу үшін сілтемені басыңыз.

 

 

*2023 жылдың 30 маусымындағы 142 пікірге негізделген деректер.