Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы көшбасшы ESET компаниясы APT-шабуылдардан қорғауға арналған шешімдер сегментінде 2024 жылғы Radicati есебінің нәтижелері бойынша «Үздік ойыншы», сондай-ақ IDC MarketScape есептерінің мәліметтері бойынша «Көшбасшы» және «Негізгі ойыншы» атауына ие болды.
Radicati деректері бойынша «Үздік ойыншы»
Есепте атап өтілгендей, ESET компаниясы көптеген мықты функциялары бар өнімдерінің, сондай-ақ болашаққа стратегиялық көзқарасының арқасында нарық көшбасшыларының қатарында. Үздік ойыншылар өздерінің технологиялары мен стратегиялық көзқарастары арқылы нарықты қалыптастырады.
ESET артықшылықтарына қауіпсіздікті басқарудың бірегей платформасы ESET PROTECT кіреді. Ол егжей-тегжейлі көріну, қатерлерді бағалау, инциденттерге әрекет ету, оларды тергеу және түзетуі бар ESET Inspect бағдарламасымен бірге кеңейтілген анықтау мен әрекет етуді (XDR) қамтамасыз етеді. Платформа бұлтта немесе жергілікті түрде өрбіту үшін қолжетімді, Windows, MacOS және Linux сияқты барлық негізгі операциялық жүйелерді қолдайды.
Есепте сонымен қатар көптілді қолдаудың бар екендігіжәне ESET шешімдерінің жергілікті нұсқаларының көп саны көрсетілді. Сонымен қатар ESET артықшылықтары арасында Intel-мен серіктестік бар, ол қауіптерді анықтауға көмектесу үшін ESET Endpoint Security шешімін Intel TDT-мен біріктіреді. Ол қауіптердің арасында «0-күндік» қатерлер, шатастыру әдістері (обфускация), виртуалды машинадаға бүркемелеу мен файлсыз шабуылдар бар.
«Біз бесінші рет қатарынан APT-қауіптерінен қорғау бойынша Radicati деректеріне сәйкес үздік ойыншы атанғанымызға қуаныштымыз. Осылайша, ESET компаниясы саладағы жетекші қауіпсіздік бағдарламалық жасақтамасын әзірлеу мен инновацияларға адалдығын растайды. Біз барлық пайдаланушылар үшін технологиялардың қауіпсіздігін жоғарылатуға бағытталған күш-жігеріміздің мойындалғанын мақтан тұтамыз», — деп түсіндірді Журай Малчо, ESET компаниясының бас техникалық директоры.
Үш IDC есебінде «Көшбасшы» және екі рет «Негізгі ойыншы» атауы
IDC MarketScape есебіне сәйкес, ESET үнемі қауіпсіздік саласында өз мүмкіндіктерінің үздіксіз эволюциясы үшін танылады. Бұл жолы ESET көшбасшы атауына ие болды және IDC MarketScape деректері бойынша шағын, орта бизнес пен корпорациялардың жұмыс станцияларын қорғауға арналған шешімдерінің көмегімен тағы да екі рет негізгі ойыншы атанды.
«Заманауи бизнес үшін кибершабуылдар ең өзекті қауіптердің бірі болып табылады. Киберқауіпсіздік саласындағы біздің 30 жылдан астам тәжірибеміздің, ғылыми зерттеулер мен өнімді әзірлеуге үздіксіз инвестициялауымыздың және қаржылық тұрақтылықтың арқасында біз пайдаланушыларымыз бен серіктестерімізді жоғары деңгейдегі қорғаумен қамтамасыз ете аламыз», — деп түсіндірді Павол Балай, бас коммерциялық директор.
IDC MarketScape деректері бойынша, жұмыс станцияларын қорғауға бағытталғанESET өнімдерінің кеңейтілген портфолилосы негізгі артықшылық болып табылады. Атап айтқанда, IDC компаниясы ESET-ті келесі мүмкіндіктері үшін жоғары бағалайды:
- жұмыс станцияларын қорғауға арналған функциялардың саны (хост пенIDS/IPS негізіндегі бағдарламалық жасақтама, DNS фильтрлеуі, құрылғыны басқару, DLP және шифрлау);
- браузердегі саясатты басқару;
- фишингтен қорғау мен рұқсатсыз кірудің алдын алу;
- Intel TDT-мен интеграция;
- мобильді құрылғыларға арналған қауіптерді анықтау;
- осалдықтар мен түзетулерді басқару, сонымен қатар Microsoft Intune-мен интеграция.
ESET марапаттары мен мойындаулары туралы сілтеме бойынша білуге болады.