Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы көшбасшы ESET компаниясы жұмыс станцияларын қорғауға арналған шешімдерге арналған Forrester тәуелсіз зерттеу компаниясының есебіне қосылды. 2023 жылдың 2-тоқсанындағы зерттеуде 33 жеткізушіге шолу ұсынылды, солардың ішінде ESET өнім табысы негізінде маңызды ойыншы ретінде танылды.
Forrester есептері пайдаланушыларға нарықтың жетілгендігінің ағымдағы жағдайын анықтау, нарық динамикасын және пайдалану жағдайларын егжей-тегжейлі көрсету және өлшемге, фокусқа және географияға негізделген жеткізушілер тізімін ұсыну арқылы шешімдер туралы көбірек түсінуге көмектеседі.
Зерттеуде атап өтілгендей, жұмыс станцияларын қорғауға арналған щещімдер компаниялардың киберқорғанысының негізі болып табылады. Мұндай өнімдер қауіпті немесе зиянды әрекетті анықтау және инциденттерге тез және тиімді әрекет ету арқылы құрылғыларды зиянды бағдарламалық жасақтамадан қорғайды.
Зерттеудегі жеткізушілер көлемі, географиясы және пайдалану жағдайлары, соның ішінде браузерді қорғау және күшейтілген қауіпсіздік шаралары, икемді есеп беру және мобильді құрылғыларға бағытталған қауіптерден қорғау үшін кеңейтілген пайдалану жағдайлары бойынша ерекшеленеді. Осы пайдалану жағдайларын пайдаланушылар жұмыс станцияларын қорғау, инциденттерді түзету және құрылғыларды басқару сияқты негізгі функцияларға қосымша ретінде қарастыруға ынталанады. ESET компаниясы браузерді қорғауды, икемді есеп беруді және кеңейтілген пайдалану жағдайлары ретінде мобильді құрылғыларға бағытталған қауіптерден қорғауды ұсынатын жеткізушілердің бірі болып табылады.
«ESET телеметриясы және киберортадағы жағдайларды бақылау арқылы біз жұмыс станцияларын қорғау портфолиосын жаңа функциялар қоса отырып кеңейтуді жалғастырамыз. ESET шешімдері пайдаланушылардың қажеттіліктерін ескере отырып жасалған, өйткені біз қауіпсіздік саласындағы мамандардың жетіспеушілігінің орнын толтыруға көмектесетін және компанияларға өз операцияларына және олар үшін шынымен маңызды тапсырмаларға назар аударуға мүмкіндік беретін опцияларды ұсынамыз», - дейді Якуб Дебски, ESET өнімдері бойынша бас директор. «Біз Forrester есебіне қосылғанымызды мақтан тұтамыз, өйткені технологияға бағытталған жеке компания ретінде ESET шешімдерді әзірлеуге әрқашан ғылыми негізделген көзқарасты ұстанады».
ESET жұмыс станциясын қорғау шешімдері туралы толығырақ ақпарат алу үшін мына сілтемемен өтіңіз.
ESET марапаттары туралы қосымша ақпаратты мына беттен табуға болады.