Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы көшбасшы ESET компаниясы жақында ESET Mobile Security өнімі AV-Comparatives тәуелсіз зертханасынан беделді марапат алғаны туралы хабарлайды. «Approved Mobile Product» марапатын бірнеше жыл қатарынан алу мобильді құрылғы пайдаланушыларын жаңа қауіптерден қорғаудың өнімділігі мен тиімділігін көрсетеді.
AV-Comparatives Mobile Security Review кешенді есебінде Android жүйесінің қауіпсіздігінің кіріктірілген шаралары зерттеліп, 9 жеткізушіден қауіпсіздік бойынша үшінші тарап қосымшаларалының функциялары бағаланды. Есеп зиянды бағдарламадан қорғау дәлдігін, аккумулятор зарядын тұтыну, функционалдылықты, бағдарлама дизайны мен пайдаланудың жалпы ыңғайлылығын ескерді.
ESET Mobile Security өнімі қауіпсіздіктің алдыңғы қатарлы функцияларын, яғни, мобильді құрылғыларды қорғаудың 100% деңгейі мен жалған іске қосылулардың жоқтығын біріктіре отырып барлық критерийлер бойынша керемет нәтиже көрсетті
Мобильді құрылғыларға кибершабуылдар күрделене түскен сайын, ESET Mobile Security пайдаланушыларды зиянды бағдарламалардан, алаяқтардың электрондық хаттардан, қауіпті сілтемелерден, фишингтен және басқа қауіптерден сенімді қорғауды қамтамасыз етеді. Шешім Android пайдаланушылары үшін қауіпсіздіктің ең жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін зиянды бағдарламаларға тексеретін мықты сканерді, нақты уақыттағы қорғауды және бұлттық тексеруді біріктіреді.
Зиянды бағдарламадан қорғаумен қоса, ESET Mobile Security бағдарламасы пайдаланушыларға жоғалған немесе ұрланған құрылғыны қашықтан басқаруға мүмкіндік беретін Ұрлаудан қорғау функциясын қамтиды. Бұл функциялар орналасқан жерді бақылау, камераны қосу және құрылғыдағы күдікті әрекетке жауап ретінде әрекет етуді қамтиды. Онлайн төлемдерді қорғау— пайдаланушылардың құпия банктік деректерін қорғауды қамтамасыз ететін тағы бір функция. Ол сондай-ақ бағдарламаларды пайдалану кезінде экрандағы ақпаратты рұқсатсыз оқуға және ауыстыруға жол бермейді.
«Біз үшін екінші жыл қатарынан мобильді құрылғыларға арналған өнім атағын алу үлкен мақтаныш. Бұл мобильді құрылғылар мен пайдаланушылардың жеке деректерін қорғайтын біздің қауіпсіздік бойынша жоғары сапалы шешімдер ұсынудағы батылдығымызды дәлелдейді, — деді ESET компаниясының ESET Mobile Security өнімінің менеджеріМатей Чомо. — Біз үнемі өзгеріп отыратын қауіптерге төтеп беру және олардан бір қадам алда болу үшін инновацияларды енгізуді және өнімдерді жақсартуды жалғастыра береміз».
ESET Mobile Security қосымшасын Google Play дүкенінен немесе ресми веб-сайттан жүктеп алуға болады. Қазір жүктеп алыңыз да, кешенді қауіпсіздік функцияларының артықшылықтарын сезіну үшін алғашқы 30 күн тегін пайдаланып көріңіз. Шешім туралы толығырақ ақпаратты мына сілтемеден табуға болады.