Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы көшбасшы ESET компаниясы APT шабуылдарынан қорғауға арналған шешімдер сегментіндегі 2023 жылдың Radicati есебінде «Үздік ойыншы» атағын алғанын хабарлайды. Бұл жоғары атақ нарықтағы көшбасшылықты ғана емес, болашаққа деген айқын көзқарасты да көрсетеді.
Есепке сәйкес, ESET-тің артықшылығы болып қауіпсіздікті басқару платформасы ESET PROTECT табылады. Ол ESET Inspect-пен бірге кеңейтілген анықтау мен егжей-тегжейлің шолудан, қатерлерді бағалаудан, инциденттерге әрекет етуден, оларды зерттеі мен түзетуден тұратын әрекет етуді қамтамасыз етеді. Көп тілді қолдау көрсету қызметінің, ESET шешімдерін оңай өрбіту мен пайдаланудың болғаны компанияның өз пайдаланушыларына адал екенін көрсетеді.
Сондай-ақ ESET компаниясының Intel компаниясымен серіктестігін атап өткен жөн, ол анықтаудан жалтарудың кеңейтілген әдістерін қолданатын зиянды бағдарламаларға қарсы шараларды жақсартуға арналған ESET Endpoint Security шешімі мен Intel TDT-ның үйлесімі ретінде қосымша қауіп-қатер телеметриясының қайнар көзі болып келеді.
«Біз Radicati марапатын мақтан тұтамыз. Үздік ойыншы атағы біздің көп деңгейлі және тиімді шешімдерге негізделген қауіп-қатерлерді талдаудың жаһандық жүйелерін дамытуға деген көзқарасымыздың үздіксіз жетілдірілуі мен дұрыстығын көрсетеді, - деп түсіндірді Журай Малчо, ESET бас техникалық директоры. - Пайдаланушылар біздің шешімдерімізді, тәжірибемізді және өнімдерді пайдаланудың қарапайымдылығын бағалайтынын есту өте қуанышты».
Айта кету керек, бұл жолы Radicati есебінде келесі шешімдер бағаланды:
- XDR қолдауы және қауіпті бақылау мүмкіндіктері бар қауіпсіздікті басқаруға арналған ESET PROTECT платформасы.
- ESET Inspect XDR шешімі шабуылдардың алдын алады, шолу мен әрекет етуді жақсартады.
- ESET LiveGuard Advanced бұлттық шешімі бұлттағы кеңейтілген талдау мен белгісіз қауіптерден қорғауды қамтамасыз етеді.
- Ұйымдарды барлық белгілі және жаңа қауіптерден қорғау үшін көп деңгейлі тәсілді және бірнеше технологияларды пайдаланатын жұмыс станцияларын қорғауға арналған шешім.
- Инциденттерді тергеу және қауіптерді анықтау үшін біріктірілген қауіпсіздік қызметі бар ESET PROTECT MDR кешенді шешімі.
- Мақсатты кибершабуылдар, APT шабуылдары, «0 күндік» қауіптер және ботнеттердің белсендігі туралы ESET сарапшылары жинаған жаһандық деректерді қамтамасыз ететін киберқауіпсіздік офицеріне арналған құрал.
ESET марапаттары туралы көбірек сілтеме бойынша білуге болады.