Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы көшбасшы ESET компаниясы Forrester компаниясының 2023 жылдың 4-тоқсанындағы есептің нәтижесі бойынша «Үздік жеткізуші» атанды. Зерттеуде барлығы 29 XDR шешімдерінің жеткізушілері талданды. Сонымен қатар, ESET шешімі кеңейтілген мүмкіндіктермен, атап айтқанда, саясаттарды бұзуды анықтаумен, дұрыс емес баптаулармен және осалдықтардың қатерлерін басқарумен ерекшеленді.
Forrester компаниясы өткізген зерттеудің мақсаты киберқауіпсіздік мамандарына компания көлеміне сәйкес XDR шешімін таңдауға және жеткізушілер арасындағы айырмашылықтарды көрсетуге көмектесу болып табылады. Forrester есебі құндылықтың ұсынысына, сегменттерге және нарықтағы белсенді өндірушілерге жұмылдырылған. Зерттеуге қатысқан жеткізушілер көлемге, аймаққа және пайдаланудың негізгі нұсқаларына байланысты ерекшеленеді.
Жалпы алғанда, XDR құралдары кеңейтілген анықтауды, мұқият зерттеуді және жылдам әрекет етуді қамтамасыз ететін сенімді үлкен деректер инфрақұрылымы бар бұлтқа негізделген тәсілді қолданады.
XDR модулі жұмыс станцияларын, серверлерді, поштаны, бұлттық бағдарламалардың көп деңгейлі қорғауын, сондай-ақ көп факторлы аутентификацияны, кеңейтілген қауіптен қорғауды және толық дискілік шифрлауды біріктіретін ESET PROTECT Elite кешенді шешіміне кіретіні жайлы атап өткен жөн. Бұған қоса, шешім шабуылдардың қатерін азайту үшін басымдылықтарды анықтаумен бірге осалдықтарды бағалауды қамтамасыз етеді. Бұл шешім қауіпсіздік сын-қатерлерімен соқтығысатын мекемелер үшін өте қолайлы. Ол үздіксіз бақылау мен қауіптерді анықтауды, сонымен қатар сандық криминалистика, басты себептерді талдау мен оларды жою бойынша кеңестерді ұсынады.
ESET компаниясы ықтимал жаңа интеграцияларды анықтау сапасының ықтимал төмендеуін болдырмас үшін ең жоғарғы стандарттарды ұстана отырып мұқият түрде бағалайды. Пайдаланудың негізгі нұсқаларынан басқа ESET көбірек кеңейтілген түрлеріне назар аударады. Олардың арасында осалдықтар қатерін басқару, саясаттарды бұзу, дұрыс емес баптаулар мен кодты анықтау бар.
«XDR шешімдер нарығының дамуы жалғасып жатқандықтан, пайдаланушылар EDR-ден XDR-ге көшудің орындылығын бағалау кезінде әртүрлі қиындықтарға тап болады. Жаңа қауіптерден қорғау үшін міндетті түрде жұмыс станцияларының, құрылғылар мен желілердің көрінуін арттыру қажет. Есепте біздің жетекші шешіміміздің алғашқы пайда болуы және Forrester-дің мойындауы ESET-тің кеңейтілген анықтау мен әрекет ету құралдары нарығында негізгі ойыншы болуға ұмтылуын растайды, бұл компанияның қауіпсіздік бойынша сенімді өнімдермен қамтамасыз ету бойынша үздіксіз күш-жігерін көрсетеді», - деп түсіндіреді Зузана Легатова, ESET компаниясының талдаушылары және тестілеушілерімен байланыс бойынша аға менеджері.
XDR шешімі туралы көбірек мына сілтеме бойынша білуге болады.