Canalys ұсынған киберқауіпсіздік көшбасшылары матрицасының деректеріне сәйкес, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы көшбасшы – ESET компаниясы 5 жыл қатарынан «Чемпион» атағына ие болып келеді. Осылайша, компания әлемге танымал сандық қауіпсіздік вендоры және жаһандық серіктестік желілеріне арналған қауіпсіздік шешімдерінің үздік жеткізушісі ретіндегі өз позициясын растайды.
Canalys – технологиялар нарығында жетекші сараптау жасайтын компания екенін атап айтқан жөн. Ол қалыптасқан жеткізу арналары бар киберқауіпсіздіктің жетекші жеткізушілеріне жалпы баға береді. Олардың пікірінше, ESET «үй пайдаланушылары, шағын және орта бизнеске, кәсіпорындар мен MSP үшін шешімдерді ұсынатын, қауіптер туралы қосымша ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін аздаған жеткізушілердің бірі».
«30 жылдан астам уақыт бұрын, компанияның негізі қаланған сәттен бастап біз серіктестерімізге киберқауіпсіздік бизнесін дамытуға көмектесуге назар аудардық және көп деңгейлі технологияларды үнемі инновациядан өткізу, күшейту арқылы пайдаланушыларды қауіптердің барлық түрінен қорғауға жұмыс жасадық. Шешімдерді жақсарту және қатарынан бесінші рет чемпион ретінде танылу біздің күш-жігеріміздің тиімділігін растайды», - деп түсіндірді Мирослав Микуш, ESET компаниясының жаһандық сатулар жөніндегі президенті.
ESET компаниясының нарыққа шығу стратегияларын орталықтан жоспарлау және үйлестіру қабілеті, сондай-ақ серіктестер мен аймақтық кеңселерге жергілікті артықшылықтарға сәйкес сату мүмкіндіктерін қамтамасыз ету саясаты «Чемпион» мәртебесінің негізгі фаторлары болып табылады. Сонымен қатар, серіктестер ESET компаниясының басқару сапасын, техникалық қолдау көрсетуін және бизнесті жүргізуінің қарапайымдығын жоғары бағалады.
ESET желісі қазіргі таңда 10 000-нан астам MSP серіктестері мен 24 000 реселлерлерден тұрады. Дегенмен, MSP сегменті табыстың 30% өсуімен ESET стратегиясының негізгі бөлігі болып қала береді. Компания MSP серіктестеріне XDR шешімдерін, сондай-ақ ESET қызметтерін ұсынуға мүмкіндік бере отырып өз мүмкіндіктерін кеңейтті.
Нарықта соңғы 12 айда Canalys киберқауіпсіздік көшбасшылары матрицасы 29 жеткізушіні олардың жаһандық арналары мен көрсеткіштері бойынша бағалағаны жайлы айта кеткен жөн. Әсіресе, матрица деректердің үш негізгі түрінен тұрады: Canalys Vendor Benchmark-тағы серіктестер пікірлері, әрбір жеткізушінің олардың инвестициялары негізінде құрылған тәуелсіз сараптауы, орындалу стартегиялары мен нарық тиімділігі көрсеткіштері.
Барлық марапаттар мен мойындаулар туралы сілтеме бойынша оқыңыз.