ESET анықтау және әрекет етуге арналған шешімдерді өндірушілер арасында жалпы көшбасшы ретінде танылды

Келесі жаңалық

Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы көшбасшы — ESET компаниясы тек нарық көшбасшысы ғана емес, сонымен қатар жалпы көшбасшы атағына, яғни анықтау және әрекет етуге арналған шешімдер санатындағы KuppingerCole Leadership Compass 2023 есебінің нәтижелері бойынша ең жоғары марапатқа ие болды.

Бұл жолы KuppingerCole тәуелсіз сараптау мекемесі стандартталған критерийлер негізінде MDR шешімдерін жеткізушілердің кешенді бағалауын жүргізді. Жалпы көшбасшылықты тексеру барысында өнімдер, инновациялар мен нарықтағы позициялар бағаланды. Нарық көшбасшылығын бағалау әртүрлі нарық факторларын, соның ішінде пайдаланушылар санын, олардың географиялық таралуын, өрбітулер санын, серіктес экожүйесінің көлемі мен географиялық таралуын және қатысушы компаниялардың қаржылық жағдайын ескереді.

KuppingerCole жеткізушілер шешімдерін бес негізгі критерий бойынша бағалайды — қауіпсіздік, функционалдылық, үйлесімділік және пайдалану ыңғайлылылығы. Жалпы рейтингке сәйкес ESET PROTECT MDR шешімі  «Өрбіту» және «Ыңғайлылық» санаттарында ең жоғары «Strong Positive», сонымен қатар «Қауіпсіздік» пен «Функционалдылық» бойынша «Positive» бағасына ие болды.

Сонымен қатар, KuppingerCole мекемесі жеткізушілерді төрт қосымша критерий бойынша да бағалады. ESET шешімі төрттен үшеуінде максималды ұпай алды – нарықтағы позиция, экожүйе мен қаржылық тұрақтылық.

ESET PROTECT MDR кешенді шешімінің құрамына жұмыс станцияларын, серверлерді, бұлттық қосымшаларды қорғау, бұлттық талдау, толық дискілік шифрлау, көп факторлы аутентификация және кеңейтілген анықтау мен әрекет ету кіретіні жайлы атап өткен жөн. Бұған қоса, шешімге перимиум-қолдау мен қауіпсіздік қызметтері кіреді, олар өнімдерді қауіпсізідіктің бірегей талаптары мен әртүрлі мекемелердің сын-қатерлеріне сәйкес баптауға көмектеседі.

Есепте атап көрсетілгендей, ESET PROTECT MDR — киберқауіптерді толық басқаруды және қауіптерді дәл анықтауды қамтамасыз ететін шешім. Өнім өрбітудің икемді параметрлері бар барлық негізгі операциялық жүйелер мен браузерлерді қамтиды. Зиянды бағдарламаны анықтау, пайдаланушылардың әрекеттерін талдау және ESET PROTECT MDR ішкі қауіптерді іздеу арқылы кез келген көлемдегі мекемелерге арналған сенімді қорғауды қамтамасыз етеді, бұл оларға күнделікті әрекеттерге назар аударуға мүмкіндік береді. KuppingerCole
ESET PROTECT MDR өрбіту және пайдалану ыңғайлылығы функцияларын негізгі артықшылық деп атайды. Есепте атап өтілгендей, ESET PROTECT MDR бағдарламасына бастапқы баптау мен инциденттерді талдаудан тұратын көмекке арналған қызметтер кіреді.

KuppingerCole мәліметтеріне сәйкес, өрбіту икемділігі, атап айтқанда бұлттық және жергілікті нұсқалардың қолжетімділігі, мекемелерге өз АТ ортасы үшін ең қолайлы әдісті таңдауға мүмкіндік береді. Шешім сонымен қатар жүйеге қауіптерді автоматты түрде анықтауға және оларға қауіпсіздік инциденттерінінің әсерін азайта отырып лезде әрекет етуге мүмкіндік береді.

Бұған қоса, ESET PROTECT MDR үшінші тарап әзірлеушілерінің шешімдерімен толық өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін ашық API ұсынады.

«Кибершабуылдар дамып келе жатқандықтан, біз пайдаланушылардың ағымдағы қажеттіліктерін көрсететін және болашақ цифрлық қауіпсіздік мәселелеріне жауап беретін заманауи өнім портфелін жасау үшін бизнес шешімдерді үнемі дамытамыз. Біз KuppingerCole Leadership Compass есебіне сәйкес жалпы көшбасшы және нарық көшбасшысы ретінде мойындалғандығымыздан ESET PROTECT MDR бағдарламасында ұсынылған киберқауіпсіздікке қатысты көп деңгейлі және тиімді әдісімізді мақтан тұтамыз», дейді ESET корпоративті сегментінің вице-презмденті Павол Балай. «Бұл тану ESET компаниясының алдыңғы қатарлы технологияларын жоғары білікті мамандардың практикалық қолдауымен толықтыратын осы шешімнің ауқымды мүмкіндіктерін көрсетеді.Бұл біздің пайдаланушыларға инновациялық технологияларды жеткізуге деген ұмтылысымызды көрсетеді және саладағы алдыңғы қатарлы қорғауды қамтамасыз ету міндеттемемізді күшейтеді».

ESET PROTECT MDR шешімі туралы толығырақ ақпаратты сілтеме бойынша таубға болады.